Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық

Компания туралы презентация балалардың үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені бұл олардың ең жақын адамдарының - ата-аналарының жұмысына қатысты болды. Әрине, олар ата-аналарының үйде өз жұмыстары туралы айтқанын естіді және жұмыс істейтін кәсіпорын туралы аз да болса хабардар. Енді оларға «АлЭС» АҚ қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік пайда болды.

Үлкен қызығушылық тудырған – тәжірибеге қатысу процесі. Қазандық цехының аға шебері Айбол Дәулетов батыр-жауынгердің киімін киіп, бұрын ата-бабаларымызға отты шығару қаншалықты қиын болғанын және қазандық цехында жұмыс істей отырып, қалаға жылу беруге тікелей қатысы бар екенін көрсетті. Айбол энергетик болу үшін оқыған еңбек жолы туралы айтып берді. Қарапайым жұмысшыдан қазіргі таңда жауапты аға шебері лауазымына жеткені туралы әңгімелеп берді.

Балалар судың кермектігін анықтауға қатысты, химиялық қызмет зертханашылары Ольга мен Юлия Баяновалардың басшылығымен тәжірибелер жүргізді. Тәжірибені жүргізу кезінде ЖҚҚ-ны қолдануға және ТБ ережелерін сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылады. Энергетикада тек ерлер ғана емес, әйелдер де жұмыс істейтіндігі, соның дәлелі ретінде апалы-сіңлілер Баяновалар мысалында әйелдердің Компания қызметіндегі маңызды рөлі көрсетілді.

Алғашқы көмек көрсету туралы Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі аға инспектор Жанар Азбаева оқу манекені Гоши үлгісінде айтып берді. Балалардың өздері зардап шегушіге көмек көрсетуге қатысты және бағдарлама іс-әрекеттер дұрыс орындалды деп жауап бергенде, қатты қуанды.

«Айтсаң – ұмытамын, көрсетсең - есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң –үйренемін», - демекші Қытай даналығы, бала өзі естіп, көзімен көріп, өзі жасап көрсе, жадында ұмытылмай сақталып қалады.

Балаларға АлЭС тек кәсіби қызметпен шектелмей, Компанияда жүргізілетін қызықты іс-шаралар туралы: қызметкерлердің балаларына арналған байқаулар, «Жарқын Болашақ» жастар ұйымы бар және тағы басқалар туралы ақпараттар айтылды.

Күн сайын балалар өздерінің кәсіби міндеттерін орындайтын ондаған адамдармен танысады – дәрігерлер, сатушылар, жүргізушілер, тәрбиешілер, даяшылар сияқты, сөйтіп өздеріне көптеген мағлұмат алып, танымдық қасиеттерін дамытады. Балалардың қызығушылығын көріп, энергетик мамандығының ерекшеліктері туралы толығырақ мағлұмат беріп, туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Бұл кездесу балалармен бірге БЖК қызметкерлері үшін де қызықты болды, өйткені олар өздерінің жұмысының маңыздылығын атап өтті және әрқайсысы өз кәсібінің ерекшеліктерімен қуана бөлісті. Әрине, балаларға жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық.

Балалардың бұл кездесуден алған әсері қуанышты жүздерінен байқалды. Біз үшін бұл нағыз марапат. Балалар батыр Айболмен естелікке қуана суретке түсіп, оның ұзын бойына таң қалды; АлЭС логотипі бар каскаларды киіп қуана суретке түсті. Кездесуден естелікке әр балаға әдемі су бөтелкесі сыйға берілді.