Мүмкін емес ештеңе жоқ … дейді ОҚТО бағыттамалық пост кезекшісі Ольга Баймуханова

Менің «алғашқы жауапты жұмысым» комбайн, тракторларды дизельдік отынмен толтыру болды. Мен небәрі тоғыз жаста едім. Мен тоқ меңгерушісі болып жұмыс істеген әкеме көмектестім. Маған бұл жұмыс өте ұнады, әсіресе әкемнің маған сенетіні. Бала кезімде мұғалім болуды, бастауыш сынып балаларын оқытуды армандадым.

Бір таңқаларлығы, мамандықты мен таңдаған емеспін, ол мені өзі таңдады. Мен 1990 жылы 2 - ЖЭО отын-көлік цехына орын-жайды тазалаушы болып орналастым. Содан кейін отынды қабылдау және түсіру орталығына ауысып, 2006 жылдан бастап бағыттама пост кезекшісі болып жұмыс істеймін.

Менің жұмысым өте жауапты. Жұмыс күнінің басынан бастап станция кезекшісінен алға қойылған міндеттер туралы өкім аламын. Өз бекетіме барғаннан кейін бағыттамалы бұрмаларды, бекітілген учаскелерді, теміржолдарды аралаймын, тексеремін және станция кезекшісіне баяндаймын. Біздің пост шағындау: рация, монитор. Қыста-суық, жылу өткізілмеген, жылытқыш қосып отырамыз, ал жазда керісінше іші тымырсық, ауа жоқ, желдеткіш қондырғылары орнатылмаған, суды өзіміз әкелеміз.

Біз вахталық әдіспен ауысым бойынша жұмыс істейміз. Бос вагондар мен әртүрлі жүктері бар вагондарды қабылдаймыз және жіберіп отырамыз. Жыл бойы біз аумақты, теміржол жолдарын және кезекші бағыттама бекетінің аумағын тазалаймыз. Қыста-бағыттамалы бұрмалар мен жолтабанды қардан тазартып, жазда-шөп жұламыз. Мен қар тазартқанды ұнатамын. Аппақ, тап-таза. Мен өзім кәдімгідей рахаттанамын

 

Мен өз міндеттерімді құлшыныспен орындаймын. Біздің жұмысымыздағы ең қызықты, әрі жауаптысы - вагондарды қабылдау және жөнелту. Менің тәлімгерім – ОҚТО бірінші басқарушы директоры Шоланбаев Бақтыбек Тілеукенұлы болды.

Уақыт зымырап өтті. Биыл күзде зейнетке шығамын. Жұмыс істеуге күш-жігерім бар. қалар ем, бірақ жастарға жол беру керек.

Мен үшін ең бастысы - отбасы. Мен үшін үлгі тұтар тұлға - әрине, әкем болды. Ата – анам маған адамгершіл бол деп кеңес беретін. Осы кеңесті өз балаларыма да айтып жүремін. Менің екі ұлым және қызым бар. Қызыммен киноға, спектакльдерге, концерттерге барамын. Біздің отбасымызда ұрпақтан – ұрпаққа берілетін отбасылық жәдігер бар-ол әжемнің сақинасы, болашақта қызыма беремін. Отбасымызбен тауға шығып демалғанды ұнатамыз. Менің арманым -  балаларымның алдарына қойған мақсаттарына қол жеткізгенін көру.

Менің өмірімдегі ұраным: мүмкін емес ештеңе жоқ!