А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ге Үкімет басшысының сапары

2021 жылғы 16 қыркүйекте Премьер – Министр ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы энергия кешенінің инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Сурет primeminister.kz сайтынан

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет басшысына мегаполистің ең ірі жылу электр станциясын, сондай-ақ «Алматы электр станциялары» АҚ құрамына кіретін басқа да объектілерді жаңғырту барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алматыға жұмыс сапары кезінде бірқатар энергетикалық компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, онда «Самұрық-Энерго» АҚ «Қоршаған ортаға әсерін азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО-ны жаңғырту», «1-ЖЭО-ны қуаты 200-250 МВт БГҚ-ны салу арқылы кеңейту» және «Станцияның қуатын 450 МВт дейін ұлғайту мақсатында Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру» жобаларын ұсынды. Газға ауыстырудан басқа, станциялардың маневрлік режимдегі жұмысы ең жоғары жүктемелерді жабуды қамтамасыз етеді және Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартады.

  - Аталған жобаларды іске асыру атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын жылына 50,4 мыңнан 6,7 мың тоннаға дейін төмендетуге, сондай-ақ станциялардың жиынтық қуатын 472 МВт-қа, яғни 1300 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 2-ЖЭО жұмыс істеп тұрған алаңында белгіленген қуаты 600 МВт дейінгі жаңа бу – газ қондырғысын кезең-кезеңімен салу бойынша ТЭН әзірлеу аяқталуда, ол жылу қуатын сағатына 500 Гкал-дан аспайтын көлемде өндіруді қамтамасыз етеді, - деп атап өтті кеңесте сөйлеген сөзінде «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев