«ЭНЕРГОЖӨНДЕУ» ӨЖК: 3-ЖЭО ЭНЕРГО ЖАБДЫқтарын ЖӨНДЕУ ЦЕХЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ХРУСТАЛЕВ ВЛАДИМИР ЛЬВОВИЧТІ ҚҰРМЕТТІ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Владимир Львович өмірдің үлкен тәжірибесі мен ұзақ жылдарғы кәсіби шеберлік, адамгершілік пен даналықтың тұлғасы.

Владимир Львович өмірінің 43 жылын энергетика саласына арнап, кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратын, жас ұрпаққа берер пайдасы мол ерекше жан.

Владимир Львович 1958 жылы 24 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепте білім алып, өзінің арманын жетелеп Алматы энергетика институтының электромеханикалық факультетіне оқуға түсті. Оқуын 1981 жылы сәтті аяқтады.

Институтты бітіргеннен кейін Владимир Львович Алматы МАЭС ЖАжӨЦ  3-разрядты шығын тобына слесарь болып орналасты. Сол жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, бір жарым жылдан кейін 3-ЖЭО-ға оралды. 1983 жылы Владимир Львович қазандық цехына аға инженер-технолог лауазымына ауыстырылды. Екі жылдан кейін ҚЦ шебері, кейін аға шебері, ал 1989 жылы ҚЦ бастығының жөндеу жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

1994 жылы ол «Энергожөндеу» ӨЖК 3-ЖЭО қазандық цехына шебер ретінде ауысты, сол жылы аға шебер болып тағайындалды, ал 1998 жылы 3-ЖЭО энерго жабдықтарын жөндеу цехын басқарды және осы лауазымда зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

Владимир Львовичтің еңбегі еленіп 2009 жылы «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасына енгізілді, 2014 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасымен, 2016 жылы ҚЭҚ Құрметті энергетигі атағымен және 2020 жылы ҚЭҚ «ГОЭЛРОҒА 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Осы марапаттармен қатар, әріптестерінің шабытына шабыт қосып, қиналған жағдайда қол ұшын беріп, қолдауға дайын, өзіне тән адами қасиеттерімен бөлісіп, ұжымында ерекше құрмет пен сыйластыққа ие болған жан.

Әріптестердің Владимир Львовичке жылы лебіздері: Бүгін біз үшін қимас күн, өйткені сізбен бірге станцияның жарты ғасыры кететіндей. Сіз әрқашан 3-ЭЖЖЦ үшін жан-тәніңізбен аянбай еңбек еткен шынайы жанашырсыз, өз кәсібіне деген адалдықдықтың бейнесі де - сіз. Алдағы уақытта да біздің байланыстарымыз үзілмейді деген үміттеміз! Сіздің берген құнды да, бағалы ақыл-кеңестеріңіз, тәжірибеңіз бен даналығыңыз кез-келген жағдайда көмектесетініне сенеміз. Біздің ұжымда сіздің орныңыз әрдайым төрде, есігіміз ашық, әрқашан құшақ жая шын көңілмен қарсы аламыз!

- Менің энергетикадағы жолым қызыққа да, қиынға толы болды. Мен бұл жылдарды бақытты сәттер деп санаймын. Маған осылай өмір сүру, солай жұмыс істеу қызық. Ия, мен бақытты адаммын! - дейді Владимир Львович.

Владимир Львович энергетиканың қиын жолына түскен барлық әріптестеріне өзінің жауапты мамандығына сенімді, әрі батыл болуын тілейді.

«Энергожөндеу» ӨЖК ұжымы Владимир Львовичті қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жетуіңізбен деп құттықтайды! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай - сырқамай ұзақ ғұмыр сүріп, жаңа мәртебеде қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай жалғастыруын тілейді.