АлЭС-те ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

2021 жылғы 7 қыркүйекте «АлЭС» АҚ – да Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы талқыланды. Іс-шараға компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері онлайн режимде қатысты.

Басқарма Төрағасы Е.Киркинбаев өз сөзінде әлеуметтік сипаттағы, кадрлық және тілдік саясат, вакциналау, су ресурстары және экология мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Әсіресе, энергия көздерін жаңғыртуға ерекше назар аударды.

- Бұл біз үшін таяудағы 5 жыл ішіндегі ең маңызды нәрсе – Алматы 2-ЖЭО алаңында бу-газ қондырғысының құрылысын жүргізу, 3-ЖЭО жаңарту және 1-ЖЭО кеңейту. Бүгін біз қалыпты жағдайда жұмысты жалғастырудамыз. Біздің барлық бірлескен күш-жігерімізді қажетті құжаттарды бекітілген мерзімде келісуге жұмсау қажет. Ең бастысы-келесі жылы біз құрылыс алаңына шығуымыз керек! - деді Е.Киркинбаев. Ол сондай-ақ: «Біздің станцияларымыздың құрылысы мен жаңартылуы ең озық технологияларды таңдауға сүйенуі тиіс. Біз де, балаларымыз да таза ауамен тыныс алуға толық құқылы! Сол орайда, біз өз үлесімізді қосуымыз керек. Үлкен бе, кішкене ме – бұл маңызды емес. Ең бастысы-біз алдымызға қойылған барлық міндеттерді абыроймен орындауымыз керек!». Қаралған әрбір мәселе бойынша Басқарма Төрағасы тиісті нақты тапсырмалар берді.

Ел Президентінің Жолдауын талқылауға компания жұмыскерлері қатысты.

- Жолдауда біз қоғамның алдағы реформаларға қатысты сұрақтарға нақты жауап таптық. Негізгі, Мемлекет басшысы әрбір бөлімде жеке адамның мүддесіне қатысты мәселелер қозғайды: табысты арттыру, тұрмысы нашар отбасыларға арналған әлеуметтік көмек, білім беру, денсаулық, спорт... - деп атап өтті «Энергожөндеу» ӨЖК жылу оқшауламасын жөндеу учаскенің шебері Наталья Алакушукова.

Батыс жылу кешені жылу автоматикасы және өлшеулер цехының ЭКЕАЖ және ДТБҚ жөніндегі аға шебері Роман Крайнов Президенттің кезекті Жолдауы пандемия кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани және саяси дамуының жаңа мүмкіндіктерін іздестірудің маңызды бағдары болып табылатынын атап өтті.

- Энергетика саласының қызметкер, депутат, ең бастысы, азамат ретінде Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға өз үлесімді қосуға дайынмын. Қазақстанның стратегиялық дамуы, халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайының өсуі, күрделі мәселелердің оң шешілуі осы Жолдаумен тікелей байланысты. Егер әрбір азамат Жолдауды қолдап, елдің дамуына өз үлесін қосса, көптеген қиындықты бірге еңсере алатынымызға  сенемін, - деп атап өтті Күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директор Бағдәулет Үстенов.

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіподақ ұйымының алдында тұрған міндеттерге 3-ЖЭО кәсіподағының төрайымы Гүлнар Жаманбаланова тоқталды.

Іс-шараның барлық қатысушылары ҚР Президентінің биылғы Жолдауы қуатты, әрі мықты мемлекет құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын, болашақта Қазақстан халықтарының әл-ауқатының одан әрі өсуін онымен байланыстыратынын атап өтті.