«АлЭС» АҚ тұтынушылар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2021ж. 1 жартыжылдық қорытынды есебіне жария тыңдау өткізу туралы

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 6-тармағына сәйкес сәйкес «АлЭС» АҚ 2021 жылғы 23 шілдеде тұтынушылар мен өзге мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, 2021 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындылары бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жария тыңдау есебі өтті.

Алматы қаласындағы коронавирус бойынша карантин режимі мен эпидемиологиялық жағдайды назарға ала отырып, Жария тыңдаулар ZOOM платформасында онлайн форматта өткізілді. «АлЭС» АҚ 2021 жылғы 25 маусымдағы №25 (772) «Деловой Казахстан» республикалық газетінде хабарландыру жариялады және реттеліп көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушылары мен өзге де мүдделі тұлғаларды өзінің «Медиа» бөлімі «Компания жаңалықтары» кіші бөліміндегі www.ales.kz интернет-ресурсында тыңдауға қатысу үшін сілтеме орналастыра отырып, уақтылы хабардар етті.

Жария тыңдауларға ҚР ҰЭМ ТМРКД Алматы қаласы бойынша өкілдері, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар және т. б. қатысты.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қырқынбаев есебінде: «АлЭС» АҚ – табиғи монополиялар субъектісі болып келеді, сондай-ақ компания жылу энергиясын өндіру және суды магистральды құбыр жолдары арқылы беру қызметтері бойынша Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілді», деп атап өтті.

Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерге бекітілген тарифтік сметада көрсетілетін қызметтердің көлемі 5,6 млн. Гкал мөлшерінде көзделген. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру қызметінің нақты көлемі 3,0 млн. Гкал құрады, орындалуы 55%. Жылу энергиясын өткізуден түскен кіріс 10 366,5 млн.теңгені, ал шығын 10 287,2 млн. теңгені құрады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша пайда 79,3 млн. теңге. «АлЭС» АҚ жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметі маусымдық сипатқа ие, негізгі және қосалқы жабдықты жөндеу жұмыстарын орындау 2021 жылдың екінші жартысында жүзеге асырылатын болады.

ҚР ҰЭМ ТМРКД Алматы қаласы бойынша 16.11.2016 ж. №206-НҚ, Алматы облысы бойынша 22.11.2016 ж. №353-НҚ және ҚР ЭМ 15.12.2016 ж. №543 бірлескен бұйрығымен «АлЭС» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру жөніндегі 2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 554,2 млн. теңге мөлшерінде бекітілді.

Табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес инвестициялық бағдарламаның көрсеткіштері бір жылға бекітіледі, бұл ретте 2021 жылғы 1 жартыжылдықта нақты орындалуы 254,2 млн. теңгені немесе 46% - ды құрады. Инвестициялық іс-шараларды ағымдағы жылдың екінші жартысында іске асыру жоспарланып отыр.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «АлЭС» АҚ «Алматы 2-ЖЭО қайта жаңарту және кеңейту III кезек. №8 қазандық агрегаты» инвестициялық жобасын қаржыландыру мақсатында жұмсалған инвестициялық несиеге 3 542,6 млн.теңге, оның ішінде жылу энергиясын өндіру қызметінен 1 019,0 млн. теңге мөлшерінде негізгі борышты өтеуге жіберілді.

 2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша суды магистральді құбыр жолдары арқылы беру қызметінен көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 14,7 млн. м3 құрады, 29,2 млн.м3 көлемінде бекітілген көрсеткішке қарағанда 50% - ға орындалды. Химиялық тазартылған суды өткізуден түскен табыс 883,8 млн. теңгені, шығыстар 916,0 млн. теңгені, шығын 32,2 млн. теңгені құрады.

ҚР ҰЭМ ТМРКД Алматы қаласы бойынша 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №80-НҚ және Алматы облысы бойынша №111-НҚ және ҚР ЭМ 2020 жылғы 30 қарашадағы №418 бірлескен бұйрығымен 2021 жылға арналған суды магистральді құбыр жолдары арқылы беру қызметтеріне 42,0 млн. теңге мөлшерінде инвестициялық бағдарлама бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша «АлЭС» АҚ бекітілген инвестициялық бағдарлама көрсеткіштерінің толық орындалуын болжайды. Сондай-ақ, баяндамада реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау мәселелері баяндалды, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер қаралды, 2022-2026 жылдардың келесі бесжылдық кезеңіне жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері талқыланды, басым инвестициялық жобаларды іске асыруды ескере отырып, Компания қызметінің перспективалары анықталды.