Тәжікстан өкілдеріне экскурсия

2021 жылғы 21 шілдеде «Су ресурстарын басқару» Ұлттық жобасы шеңберінде Тәжікстан Республикасының «ХЕЛЬВЕТАС Свисс Интеркооперейшен» Қауымдастығы филиалының қолдауымен «Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті» ЖМ бірлесіп, Тәжікстан мамандары үшін Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-іне танысу экскурсиясы өткізілді.

 Тәжікстан үкіметі су ресурстарын басқару мәселелерін шешуде халықаралық және ұлттық деңгейлерде үлкен белсенділік танытуда. Өзен бассейндерін басқару және өзен бассейндерін басқару институттары мәселелері бойынша Қазақстанға оқу сапары Сырдария өзені бассейніндегі негізгі су ұйымдарының 16 өкілі және су шаруашылығы ұйымдарының басшылары үшін олардың реформа қағидаттары туралы жалпы түсінігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ Қазақстанның су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесін, Тәжікстанда қолданылуы мүмкін негізгі ерекшеліктерді зерттеу, әлеуетті трансшекаралық ынтымақтастықтың нұсқаларын зерделеу және Қазақстанның су шаруашылығы ұйымдарымен тәжірибе алмасу.

- Қапшағай ГЭС-те мен бірінші рет болдым. Маған техникалық қызметкерлердің жұмысы қалай қойылғаны өте ұнады. Біз станция жұмысшыларымен таныстық, Қазақстанның ГЭС ұйымдастырудағы озық тәжірибесін зерделедік. Тәжікстанда ЖЭС-ке көп көңіл бөлінеді, біз ескіргендерін жаңартамыз және жаңа ГЭС (Рогунская 2 агрегат) саламыз, бұл шынында, ең арзан электр энергиясын алуға мүмкіндік береді. Біз Зеравшан және Вахш өзендерінде жаңа гидростанциялар салуды жоспарлап отырмыз, - деп бөлісті Тәжікстанның Мелиорация және ирригация агенттігі бассейндік басқармасының бастығы Назифов Шафоат.