Холдингтің ЕТҰ қызметкерлері еңбекті қорғау саласында жаңа тәсілдерді пайдалануға дайын

«АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ және «SGE» ЖШС-де кешенді қауіпсіздіктің жаңа моделін енгізуге, қатысушылар саны бойынша ауқымды жобаны іске асыру жалғасуда. Бүгінгі күні басқарушы комитет жобаның 3 фазасында жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін келісіп, сапасын растады.

«Жоба бағдарлама қоржынындағы маңызды және басым жобалардың бірі болып табылады, себебі ол қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендетуге және қызметкерлердің өмірін сақтауға бағытталған. Ұйымдардың басшыларын, еңбекті қорғау қызметтерінің басшыларын жеке жауапкершілікке, қолдауға шақырамын және сіздер осы жобаға басымдық берулеріңіз керек деп есептеймін», - деп атап өтті жобаның демеушісі, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов.

Өз кезегінде, жоба жетекшісі Төлеген Максилов қатысушыларды атқарылған жұмыстар мен келесі кезеңнің жоспарлары туралы хабардар етті:

«Өткен жылғы карантин кезеңіндегі жұмыс тәжірибесі, атап айтқанда, пандемия кезіндегі тиімді оқыту мүмкіндіктері атап өтілді. 3-фазаны іске асыру кезінде 6000 мыңнан астам соңғы пайдаланушы оқытылды, материалды игерудің оң деңгейін көрсеткен өзгерістерге дайындыққа бағалау жүргізілді».

Тәуекелге бағдарланған тәсілге көшу мақсатында қызметкерлер қауіпсіздіктің мінез-құлық аудитін жүргізу, жұмыс қауіпсіздігіне талдау жасау дағдыларын алды. Еңбекті қорғаудың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері оқиғалардың қайталануын болдырмауға бағытталған оқиғалардың түпкі себептерін зерттеу әдістеріне үйретілген.

Өткізілген отырысты қорытындылай келе, Бизнесті трансформациялау жөніндегі Басқарушы директор Руслан Рақымбеков жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың ықтималдығын азайту мақсатында персоналдың жобаға тартылуын арттыруға шақырды, сондай-ақ жобаның төртінші фазасына көшуді келісуді ұсынды.