АлЭС: дуальді оқыту-уақыт талабы

«Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 21 студенті «Алматы электр станциялары» АҚ-да оқудан өтті

 «Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ 3 курс студенттері үш апта бойы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да дуальды оқыту элементтерімен өндірістік тәжірибеден өтті. Алматы энергетика және байланыс университеті алғашқылардың бірі болып неміс дуалды білім беру жүйесі бойынша мамандар даярлауды енгізді, турбина жабдығы бойынша машинист – қараушы, қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы, химиялық талдау зертханашысы жұмыс мамандықтары бойынша студент-жылу энергетиктерін даярлау жүргізілуде.

- Мен турбинистпін. Университеттегі дәрістерде бәріміз теория жүзінде өттік. ЖЭО-да мені өндірістің ауқымдылығы таң қалдырды. Оқулықтағы сызбалар мен суреттер станцияда көрген шындықтан өзгеше. Біздің тәжірибе өту кезеңі жөндеу науқанымен сәл келгеніне қуаныштымыз, себебі турбинаның қыр-сырын толық зерттей алдық. Мені ротордың мөлшерлері таң қалдырды. Біздің кураторымыз Александр Михайлович Орлов ротор, стартер, мойынтіректер және конденсаторлар туралы бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп, көрсетті. Әрине, мен енді турбинаның іске қосылғанын көргім келеді. Дуальды оқытудың арқасында біз өндірісті іс жүзінде өз көзімізбен көріп, станция жұмысшыларымен таныстық, - деп бөлісті «Жылу энергетикасы» мамандығының 3 курс студенті Бауыржан Садинов.

Аян Жақан химия цехында тәжірибеден өтті. Оған станцияның химиялық зертханасы ұнады.

- Біз химиялық тәжірибелер жүргіздік. Кері осмос пен механикалық сүзгілерді зерттедік. Және барлық күрделі қондырғыларды өз көзімізбен көрдік! Теория іс жүзінде мүлдем өзгеше. Мен үшін жаңа конденсаторлар мен ауасыздандырғыштарды көру жай ғана жаңалық болды. Біздің тәлімгеріміз Айман-апай бізге бәрін тамаша түсіндірді. Ол біздің барлық сұрақтарымызға жауап берді. Ал сұрақ аз болған жоқ, - деп жалғастырды Аян Жақан.

«АлЭС» АҚ мен АЭжБУ 2018 жылдан бастап дуальды оқыту элементтерімен студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі туралы шарт бойынша жұмыс істейді.

- 2020 жылы карантинге байланысты біз студенттерді қабылдай алмадық. Биыл біз балалардың 3-легін қабылдадық. Студенттер 1-ЖЭО-да тәжірибелік оқудан, ал қызметкерлерді дайындау бөлімінде теориялық оқытудан өтті. Студенттердің негізгі тәлімгерлері болып компанияның тәжірибелі жұмыскерлері Айман Сатыбалдиева, химиялық цехтың химиялық талдау зертханашысы және энергетикада 40 жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлерді дайындау бөлімінің штаттан тыс оқытушылары Галина Нечепуренко мен Александр Орлов тағайындалды. Санитарлық талаптарға байланысты барлық студенттер вакцинация төлқұжаттарын алып, әр апта сайын ПТР тест тапсырды, - деді «АлЭС»АҚ Адам ресурстар басқармасы қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Жанар Сәбікенова.

Тәжірибеден кейін балалар біліктілік емтихандарын тапсырды. Емтихан комиссиясының құрамына «АлЭС» АҚ инженерлік-техникалық қызметкерлері және университет оқытушылары кірді. Емтиханды сәтті тапсырған студенттер мемлекеттік үлгідегі жұмысшы мамандығына куәлік алды.

- Өндірістік тәжірибе дуальды оқыту элементтерімен оқу процесінде теория мен практиканы біріктіруге мүмкіндік береді. Студенттің екеуінде меңгергені керемет. Жас мамандардың болашақта жоспарлары бар. Олар толық өндірістік циклды көріп, болашақ мамандықта жұмыс тәжірибесін алады. Дуальды оқыту үдерісінде студент болашақ мамандығын жаңаша түсінеді және мамандық таңдаудың дұрыстығы туралы негізделген шешім қабылдайды. Университетті бітіргеннен кейін түлектер осында, кәсіпорында жұмысқа орналасады. Біз тұрақты серіктесіміз «АлЭС» АҚ – ға кәсіби тәсілдемесі және өндірістік тәжірибеден өтуді ұйымдастыру бойынша сапалы жұмысы үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деп атап өтті «Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ Жылу энергетика және басқару жүйелері институтының директоры Балжан Бахтияр.

Дуалды жүйенің басты жетістігі АЭжБУ мен АлЭС арасындағы тығыз әлеуметтік әріптестік болып табылады. 2019-2020 жылдары «АлЭС» АҚ бейінді ЖОО-ның 57 түлегі жұмысқа қабылданды. Кадрларды «қосарланған» даярлау жүйесі жастардың еңбек нарығына табысты кіруін қамтамасыз етеді.