Бренд амбассадорлары

«Эдельвей» энергетиктер лагерінде демалушы балалар осындай атаққа ие

Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО командасы шілде айының ортасында «Эдельвейс» командасына келіп, балалардан: «АлЭС компаниясын білесіздер ме?» деген сұраққа, барлығы бір ауыздан: «Иә!», -деп жауап берді. Әрине бұл қуантатын жағдай, өйткені «АлЭС» АҚ қызметкерлері балалар сауықтыру лагеріне жыл сайын келіп, компания туралы, энергетиктердің жұмысы және энергетикадағы тең мүмкіндіктерге деген ұмтылыс туралы мағлұмат беріп жүр.

 Балаларға келген станция қызметкерлері алдын-ала дайындалып, жаңа бағдарлама ойлап табады. Мысалы, 14 шілдеде балаларға жарық пен жылудың қалай пайда болатындығы және оны кім басқаратыны туралы мультфильм көрсетілді.

- Біз арнайы жабдықталған стендте электр энергиясының үйлерге қалай келетінін көрсеттік. Өз еркімен тәжірибеге ат салысқан балалар да аз емес. Балаларға өте ұнады,-деді Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының инженер-технологы Айзада Тлеухан.

Іс-шараға аппаратураны, релелік қорғанысты және автоматиканы жөндеу жөніндегі электромонтер Бақытжан Қасымжан алғаш рет қатысты. Ол балалар катушканың айналуын және шамның жануын үлкен қызығушылықпен бақылағанын атап өтті. Бақытжан тәжірибе көрсеткен кезде, көптеген балалар қызығушылық танытқанын байқаған, болашақта мамандық таңдауға әсерін тигізетініне сенімді.

Станцияның химиялық цехының инженер-технологы Гүлнара Дорошева және химиялық су тазалау аппаратшысы Александра Куракина балаларға өңдеуге дейін және кейін судың химиялық реакцияларын көрсетті.

- Балалармен бірге, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз судың кермектігіне және судың рН-на индикаторлық қағаздың көмегімен талдау жүргіздік. Қатты сумен судың түсі қызғылт болады, ал жұмсақ болған кезде көк болады. Қышқыл ортада индикаторлық қағаз қызғылт, бейтарап ортада сары болады. Балаларға бәрі қызықты. Балалардың осындай қызығушылықпен ат салысқанын көріп, біз де жігерленеміз - деді Гүлнар Дорошева.

Станция кадр бөлімінің бастығы Арайлым Айдаболова екінші рет іс-шара бағдарламасын дайындауда: «Біздің команданың көңіл-күйі тамаша. Балаларға біздің дайындағанымыз ұнады. Біз әрбір жасақпен таныстық. Балалар біздің тапсырмаларымызбен жұмбақтарымызға тез жауап берді. Әр қатысушыға кездесуден естелікке– «Tapperware» бөтелкесін сыйға тарттық. Біз балалармен бірге Эдельвейсте өте қызықты күн өткіздік».

 Іс-шара ҚР энергетикалық секторында тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша өткізілді.