«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, 2021ж. 1 жартыжылдық қорытындылары бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жария тыңдау нысанында есеп жүргізетіндігін хабарлайды.
Алматы қаласындағы коронавирус бойынша карантин режимі мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жария тыңдаулар бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылуға сілтеме жария тыңдаулар өткізілетін күні www.ales.kz ресми сайтында «Медиа» бөлімінде «Компания жаңалықтары» атты кіші бөлімі орналастырылады.
Өткізілетін есеп туралы хабарландыру 2021 жылғы 25 маусымдағы №25 (772) «Деловой Казахстан» Республикалық экономикалық газетінде жарияланды.