Холдинг қызметкерлерінің идеялары марапатталады

«Самұрық-Энерго» АҚ цифрлық трансформациялау бағдарламасы шеңберінде ұйымды тұрақты жақсартуға бағытталған қызметкерлердің қатысуын арттыру тетігі әзірленді. Компаниядағы үдерістердің тиімділігін арттыру бөлігінде бастамашылдығы, идеялар мен ұсыныстар бергені үшін сыйақылар көзделетін болады

«Тұрақты жақсартулар процесін жетілдіру» іс-шарасын жүзеге асырудың арқасында қызметкерлерге Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстары бар өтінім берудің бірыңғай алгоритмі ұсынылатын болады. Холдингтің периметрінде іске асырылатын экономикалық әсері және сапалы пайдасы бар идеялар үшін бастамашыға ақшалай төлем көзделген.

 Іс-шара «АлЭС» АҚ, «ЕГРЭС-1» ЖШС, «СЭГРЭС-2» АҚ, «АЖК» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Шардара ГЭС» АҚ сияқты ЕТҰ-ларды қамтиды.

 Жобалық командамен идеяларды басқарудың бірыңғай процесі әзірленді, ол ішкі нормативтік құжаттың – «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің идеялары мен ұсыныстарымен жұмыс істеу жөніндегі қағидалардың» негізіне алынды.

Бірыңғай тәсіл әрбір ұсынысты беру және қарау процестерін оларды кейіннен енгізумен рәсімдеді. Сонымен қатар, жүзеге асыруға қабылданған идеялар авторларының сыйақыларын есептеу әдістемесін қарастырады.

«Бастапқыда барлық ЕТҰ-ларда сапалы пайдасы бар идеялар үшін сыйақы төлеу көзделмеді, не тек еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық шешімдер мен ұсыныстар ғана қаралды. Алайда, жаңа құжат техникалық, әкімшілік-басқару салаларында, оның ішінде автоматтандыру және цифрландыру процестерін қолдана отырып, өнертабыстық ұсыныстар түсінігін кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті іс-шара жетекшісі Әділ Кынатов.

Енді қаржылық қана емес, сонымен қатар сапалы пайдасы бар ұсыныстар үшін төлем ұсынылады.

Сонымен қатар, жаңа құжат ресми және нақты идеяларды қарау процесі арасындағы сәйкессіздіктерді жояды: қарау кезеңдерінің сәйкес келмеуі, орындалу мерзімі және т.б.

Тамыздың басынан бастап ЕТҰ қызметкерлері осы процесс бойынша оқытуға қатыса алады. Бұл қызметкерлердің хабардарлығын, өз идеясын өтінім беру ережелеріне толық сәйкес жүзеге асыру және қосымша табыс алу мүмкіндігін арттырады.