Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Сергей Викторович Головинді құрметті демалысқа шығарып салды

 

2021 жылғы 3 шілдеде станцияда электр машина цехының 6-разрядты гидротурбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі слесарі Головин Сергей Викторовичті құрметті демалысқа шығарып салды.

Сергей Викторович 1958 жылы 6 маусымда Алматы қаласында ағаш ұста және инженер отбасында дүниеге келген. № 68 орта мектепте оқыған. 8 сыныпты бітіріп, Алматы №12 техникалық училищесіне «әмбебап-жоңғыш» мамандығына оқуға түсті. Оны қызыл дипломмен тәмәмдады.

Кейін Алматы ауыр машина жасау зауытында жұмыс істеді. 1976-1978 жылдары Ленинград қаласында әскери борышын өтеді.

1993 жылы Қапшағай қаласына қоныс аударып, алдымен ағаш отырғызу учаскесінде, содан кейін «Вимпекс» зауытында жоңғыш болып еңбек етті.

- Мен 2008 жылы Қапшағай ГЭС-іне электр машина цехының гидротурбиналық жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь болып орналастым. Менің жұмыстағы ұраным: бұйрықтарды орындаудағы нақты тәртіп.

Жұмыстан бос уақытта балық аулауға барамын. Саяжайда шаруа жасағанды ұнатамын. Таңқурай, құлпынай, өрік, шиелерден жақсы өнім жинаймын.

Мен Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-те еңбек еткенімді мақтан етемін. Жас мамандарға айтарым: «оқу, оқу және тағы да оқу...».

Станция ұжымы Сергей Викторовичке адал еңбегі үшін үлкен алғыс білдіреді, сондай-ақ шын жүректен зор денсаулық пен амандық тілейді.