2021 жылдың мамыр айының соңында «Алматы электр станциялары» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алды. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының № 72 бабына сәйкес «АлЭС» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыстар жүргізуге құқық берді:
- өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу (қауіпті техникалық құрылғылар; қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар);
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау.
Аттестаттың қолданылу мерзімі 5 жыл, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» РММ-дан берілді.
Атаулы аттестат «АЛЭС» АҚ-ға өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша персоналды оқытуды (қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, электр дәнекерлеушілер мен газ кескіштерді, прекурсорларды оқыту және аттестаттау) жүргізуге, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сараптама жүргізуге (металл мен дәнекерленген қосылыстарды бақылау, металл мен дәнекерленген қосылыстардың үлгілерін зерттеу, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды техникалық куәландыру және т.б.) мүмкіндік береді.