Әмбебап «ақылды» кресло қолоданысқа енгізілді

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-де ауысым алдындағы медициналық тексеруден 1,5 минутта өтіп, жұмысқа рұқсат алуға болады.

2021 жылдың маусым айының басында А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да жұмыскерлерді автоматтандырылған медициналық тексеру үшін екі «ақылды кресло» орнатылды. Станцияның медициналық қызметкерлері отандық өндірушісі ASMO med365-пен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өтті

Бір қарағанда, жабдықты пайдалану қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде оңай. Медицина қызметкерлері үшін «ақылды» кресло - бұл тез арада жұмысқа қосылуға  рұқсат беретін таптырмайтын құрал! Ұзақ уақытты талап ететін рәсімдерді жеңілдететін тәсіл. Барлық процесс автоматтандырылған!

- Қазір тәулігіне шамамен 90 адам куәландырудан өтіп жатыр, - деп атап өтті куәландыру медбикесі Светлана Павлова. - Өту процедурасы бір адамға орта есеппен 1,5 минутты алады. Дене температурасы, қан қысымы өлшенеді, алкогольге арналған және жарық тітіркендіргішке реакциясын өзгерту тесті өтеді

 

 

ASMO MED365 ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтудің барлық нәтижелерін сақтайды, мысалы: қызметкердің аты-жөні, күні, уақыты және тестілеу нәтижелері. Жеке адамның немесе топтың нәтижелерін ыңғайлы форматта EXCEL-ге жүктеуге болады.

Аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету кешені станцияда 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында сыннан өтті. Іс жүзінде әрбір қызметкерді байланыссыз медициналық тексеруден өткізу, уақытты қысқартумен қатар, адами факторлық қателіктерді болдырмайды. Станцияда ауысым алдындағы медициналық куәландырудан компрессорлық қондырғылардың машинистері, ауа бөлу аппаратшылары, электр цехының жүргізушілері, электр монтерлері, сорғы қондырғыларының, бульдозерлердің, кранның машинистері, ХСТ аппаратшылары өтеді. Оның ішінде таңертең 60-қа жуық қызметкер,  кешке 30 адам», - деп толықтырды Станцияның қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің қауіпсіздік техникасы жөніндегі аға инспекторы Ләззат Жампозова

- Мен медициналық тексеруден тез өттім. Барлық нәтижелер менің көңіл - күйіме сәйкес келеді, - деп бөлісті Станцияның автокөлік учаскесінің жүргізушісі Сержан Кенжетай.

Ауысым алдындағы медициналық тексеруден тезірек өту үшін станцияда тағы екі орындық орнату қажет.