«АлЭС» АҚ үздік тәлімгерлерін «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті марапаттады
2021 жылдың көктемінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жоғары оқу орындарының дарынды түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және дамыту жөніндегі «Жас Өркен» бағдарламасы аяқталды. Бағдарламаға Қордың барлық кәсіпорындарынан 180-нен астам тәлімгер қатысты.
2017 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп жоғары оқу орындарының түлектері арасында «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысу конкурсын өткізді. Байқау жеңімпаздары «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде оқу курсынан өтіп, Қазақстанның жетекші ұлттық компанияларына тағылымдамаға жіберілді.
«Жас Өркен» бағдарламасы бойынша «АлЭС» АҚ-да екі тағылымдамашы тағылымдамадан өтті. Абсултан Әділханның тәлімгері техникалық басқарманың бастығы Қайнарбек Керімқұлов болды (ротациялау мерзімі 2019 жылғы 21 қаңтардан бастап 2019 жылғы 7 маусымға дейін).
Данияр Жүнісов Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр цехының бастығы Дінмұхамед Аймұратовтың басшылығымен тағылымдамадан өтті (ротациялау мерзімі 2019 жылғы 12 тамыздан 2019 жылғы 27 желтоқсанға дейін).
«АлЭС» АҚ республикалық ауқымдағы бағдарламаларға тәлімгерлерді іріктеуге мұқияттылық танытты. Мысалы, Қайнарбек Керемқұлов электр және жылу энергиясын өндіруді жедел басқарудың барлық сатыларынан өтті. Оның жұмысы компанияда бірнеше рет атап өтілді. 2014 жылы энергетика саласында 20 еңбек өтілі бар Қайнарбек Қуанышбекұлы «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысты. Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Берлинге «энергетикалық менеджмент» мамандығы бойынша оқуға жіберілді.
– Біздің компаниямызда қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға аса мән беріледі, - деді Қайнарбек Қуанышбекұлы. - Кәсіпорын мамандарды Алматы энергетика және байланыс университетіне, Новосибирск, Санкт-Петербург, Челябинск қалаларына оқуға жібереді. Сондықтан мен үшін тәлімгерлік-бұл алған білім, дағдылар мен қабілеттерді жас мамандармен бөлісу, үйрету.
Дінмұхамед Аймұратов Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да 16 жыл жұмыс істейді. PhD докторлық диссертациясын қорғады. Магистратурада оқу кезінде Шанхай қ. (Қытай) мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өткен. 10 - ға жуық ғылыми еңбегі бар, халықаралық конференцияларға қатысқан. Дінмұхамед Бурамбайұлы тәлімгер ретінде әрдайым көмектесуге, түсіндіруге дайын.
- Тәлімгердің арқасында жас маман кәсіпорынға тез бейімделе алады, - деп атап өтті Дінмұхамед Аймұратов. - Сонымен қатар, біз басқа компаниялардың тәлімгерлерімен, сондай-ақ «Жас Өркен» жобасының тәжірибелі үйлестірушілерімен таныса алдық. Тәлімгерлік бойынша онлайн оқыту жұмысқа көп көмектесті.
«Жас Өркен» бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысқан тәлімгерлерге «АлЭС» АҚ алғыс білдірілді. Қайнарбек Керімқұлов 2020 жылы марапатталды. 2021 жылдың мамыр айының соңында Дінмұхамед Аймұратовқа «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінен Алғыс хат пен Құрмет белгісі табысталды. «АлЭС» АҚ басшылығы тәлімгерлердің еңбегін компанияның Құрмет грамотасымен танудың маңыздылығын атап өтті.