Індет: Жаңа жағдайда «АлЭС» АҚ қалай жұмыс жасады

Алматы өңірін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін компанияның тұрақты жұмыс тәжірибесі мен іс-қимылының жаңа алгоритмі туралы.

 

 Індет республиканың көптеген компаниялардың жұмысына өзгеріс енгізді. Карантин кезеңі әр адамның ғана емес, көптеген ұйымдардың тұрақтылығын сынау уақыты болды. Энергетиктер қиын, кейде төтенше жағдайларда жұмыс істей алатындығын дәлелдеді. «Алматы электр станциялары» АҚ 2020 жылдың наурыз айында карантин кезеңіндегі жұмыс алгоритмін нақты анықтады. Ол карантин жағдайындағы компанияның үздіксіз жұмысына жаңа регламенттерді, хаттамаларды және бақылау стандарттарын, санитарлық, техникалық сипаттағы мәселелерді жедел пысықтауға мүмкіндік берді.  Нақты құрылған командалық жұмыс «АлЭС» АҚ-ға Алматы өңірін электр энергиясымен, сондай-ақ жылу энергиясымен және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Штаттық режимдегі жұмыс

- Біздің компанияның барлық ұжымы үйлесімді және жауапты жұмыс атқарады. Жедел әрекет ету штабы құрылды, коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу жөніндегі іс – шаралар жоспары, «АлЭС» АҚ қызметкерлері арасында КВЖ ауруының анықталған жағдайларына ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмдері әзірленді», - деді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қырқынбаев. – Біз күрделі эпидемиялық және экономикалық жағдай режимінде алған жұмыс тәжірибемізге үнемі талдау жүргіземіз.

Індет кезеңінде, 2020 жылғы 16 наурыз бен 2021 жылғы 31 мамыр аралығында «АлЭС» АҚ электр энергиясын өндіруі 7,8 млрд кВтс, жылу энергиясын беру 6,6 млн Гкал құрады.

Індетке қарамастан, станциялардың турбо, гидро және қазан агрегаттарының, бу және су жылыту қазандықтарының 71 бірлігін жөндеу науқаны жоспарланған мерзімде өтті. Мысалы, Каскад ГЭС-не 2021 жылдың қаңтарында жұмысшы дөңгелегі жеткізілді.

– 2020 жылғы шілдеде Австрияда тозуға және коррозияға төзімді хром никельді болаттан жасалған Пельтон жұмысшы дөңгелегін дайындау және оны Каскад ГЭС-ке жеткізу туралы шарт жасалды, - деп нақтылады Каскад ГЭС Басқарушы директоры Бисембек Сабырқұлов. – Осы жылдың наурыз айының басында 2-ГЭС-те А-3 гидроагрегаты іске қосылды. Ұжымның бірлескен қажырлы еңбегінің арқасында осы гидроагрегатта жұмысшы дөңгелегі орнатылды. Оны орнату қондырғының қуатын 4,8-ден 5,2 МВт-қа дейін арттырады. Бұл жабдықтың қазіргі және болашақтағы сенімді қызмет етуінің кепілі.

Компания 2020-2021 жылыту маусымын сәтті өтті, бұған дәлел Алматы өңірі тұтынушыларының жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етілгені.

– Індет жағдайында энергетиктер штаттық режимде жұмыс істейді. Жылыту кезеңінде 20-ға жуық қазан агрегаттары мен 13 бу турбиналары жұмыс істеді. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан (компанияның 53 қызметкері COVID-19-бен ауырып қалды), өткен жылыту маусымында электр энергиясын беруде іркілістер болған жоқ, тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес жылу энергиясы толық көлемде берілді. Қазір жоспарлы жөндеу науқаны жүргізілуде, – деп атап өтті Өндіріс жөніндегі басқарушы директор-Бас инженер Ғазий Исмұхамбетов.

 

Қызметкерлердің денсаулығы – ең басты басымдық

Індет кезінде Компания қызметкерлерін қорғау үшін коронавирус жұқпасының таралуын болдырмау шаралары қолданылады. «АлЭС» АҚ-да жұқтыру қаупі барынша азайтылатын жұмыс жағдайлары жасалған. Жаңа жағдайда жасалған сақтану шаралы, мысала әр департаментте орнатылған қашықтық термометрлер, санитайзерлер, санитарлық туннельдер болашақта сол күйінде қалады. Барлық кәсіпорындарда залалсыздандыру құралдарымен орын-жайларды күнделікті өңдеу жүргізіледі. Компания эпидемиялық жағдайды үнемі қадағалап отырады.

– Күнделікті денсаулық жағдайы туралы сауалнама жүргізіледі, ЖРВИ, тұмау мен суық тию белгілері бар кез-келген қызметкер жұмыстан дереу шеттетіледі. Медицина қызметкерлері үнемі жұмысшылардың жағдайын біліп, аралайды, - деп хабарлады «АлЭС»АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Роман Парфирьев. - Барлық қызметкерлер медициналық бетперделермен, қолғаптармен, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Айта кететін жағдай, Компания қызметкерлерді коронавирус жұқпасынан қорғау мақсатында, айтарлықтай қаржы ресурстарын бөлді. Бұл шараға «АлЭС» АҚ-ның 2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы мамырға дейінгі жұмсағалған нақты шығындары шамамен 43 млн теңгені құрады. Компания 810 мың дана бетперде, 624 литр антисептикалық сұйықтық, 20 қол және 15 стационарлық байланыссыз медициналық термометр, 20 қабырғаға ілінетін санитайзер, 116 мың жұп медициналық қолғап, 40 қорғаныш бет қалқаны, алты туннель сатып алды.

«АлЭС» АҚ-да төтенше жағдайларға дайындық жүйесі пысықталды, коммуникация жүйесі ретке келтірілді. Атап айтқанда, індет жағдайында компанияға 2018 жылы енгізілген құжат айналымы бағдарламасы одан да көп функцияға ие болды. Әдіснама және трансформация бөлімінің бас маманы Ирина Миленина, барлық хат-хабарлар тек бағдарлама виджеттеріне ғана емес, сондай-ақ тікелей пайдаланушының поштасына түсетінін атап өтті. «АлЭС» жұмыскерлері бір-бірімен байланыспай, келіп түскен міндеттерді көре алады және хатқа жауап жасай алады немесе хат-хабармен таныса алады. «Қызметкерлердің әл-ауқаты» атты жаңа функция пайда болды: енді әрбір пайдаланушы осы деректерге жауапты бөлімге өзінің әл-ауқаты туралы ақпаратты жібере алады.

2021 жылдың сәуірінде COVID-19-дан жаппай екпе салдыру басталды. Төрт станцияда қызметкерлерге арналған мобильді егу пункттері ашылды, қалған департаменттер қызметкерлерді егу пункттеріне жеткізу үшін арнайы автокөлік бөлді.  «АлЭС» АҚ-да осы жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 2 559 қызметкер ( барлық персоналдың 81,4%) өз еркімен егілді, оның ішінде 876 қызметкер 2-ші компонентпен егілді.

Коронавирус жұқпасына қарсы екпе салдырған алғашқылардың бірі 3-ЖЭО Басқарушы директоры Фазоил Салимов болды.

- Мен үшін басшы ретінде біздің қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші кезектегі міндет болып табылады. Сол себептен екпе салдыру, ұжымдық иммунитет туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Станция қызметкерлері барлық сақтық шараларын, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтайды, әл-ауқатын, тамақтануын, еңбек және демалыс режимін бақылайды. Өйткені, өзімізді қорғай отырып, жақындарымызды да қорғаймыз, – деп атап өтті Фазоил Салимов.

 

Санитарлық нормаларды сақтаймыз

– Коронавирус жұқпасын жұқтыру қаупінің жоғары болуымен байланысты қалыптасқан жағдайда қашықтықтан оқытуға толық көшу жалғыз мүмкіндік болды, – деді Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Жанар Сәбікенова. – Компания нақты уақыт режимінде кері байланыспен онлайн-оқытуды жүргізуге мүмкіндік беретін Cloud бағдарламасының платформасын таңдады. Осылайша біз еңбекті қорғау жөніндегі сабақтар, экологтар мен кадр қызметінің қызметкерлері үшін семинарлар өткіземіз. Оқыту барысында вебинарлар, бейнедәрістер, презентациялар сияқты формалар қолданылады. Індет кезеңінде «АлЭС» АҚ Қызметкерлердідайындау бөлімінде 2 800 адам/курс, сондай-ақ оқу орталықтарында 3 932 адам/курс өткізілді.

Індет соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға, қарт адамдарға көмек көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруды тоқтатқан жоқ. «АлЭС» АҚ #Bizbirgemiz қайырымдылық бастамаларына қатысты. Мысалы, 2020 жылдың сәуір айында Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлері өз ақшаларына азық-түлік себеттерін, гигиеналық құралдарды  Қапшағай 11отбасына дайындады. Ұлы Отан соғысының ардагері Заяц Василий Матвеевичке ерекше көңіл бөледі. 3-ЖЭО қызметкерлері ардагерге азық-түлік себеттерін және материалдық көмек беруге барған кезде барлық қажетті жеке қорғаныс құралдарын, санитарлық қауіпсіздіктің ережелері бойынша беріледі.

– Біздің «Жарқын Болашақ» жастар ұйымы індет кезінде еңбек майданының 52 қатысушысы мен ауған жауынгерлеріне көмектесті. Бұрын біз ардагерлерді кәсіпорынға шақырып, мерекелік дастархан жаятын едік. Біз дастарханға азық-түлік алып,ыстық тағамдар жасап, бауырсақ, қазы, бәліштер және т.б. тәтті тағамдар әзірлейтінбіз. Ардагерлер әрқашан риза болатын,-деді «Энергожөндеу» ӨЖК жетекші инженер-бағдарламашысы, «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева. - Бірақ екінші жыл бойы біз барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, ардагерлеріміздің үйіне барып жүрміз. Мысалы, Мамонов Владимир Григорьевич бізді асыға күтеді. Ол 92 жаста. Қарт адам жалғыз тұрады, өзі тамақ дайындайды, ыдыс жуады, үйді тазалайды. Немерелері оған мүмкіндігінше келіп тұрады. Владимир Григорьевич өзінің зейнетақысы түскен бойда, бірінші кезекте немерелеріне сүйікті отандық «Қазақстан» тәттісін сатып алады. Содан бізге де ауыз тигізеді. Біз ардагердің қолынан дәм татқанымызға қуанамыз. Өйткені, ол жүрекпен, шын ықыласпен береді.

Бүгінгі таңда энергетиктер індет кезеңін абыроймен атқарып жатыр деп айта аламыз. Компания қызметкерлерінің кәсібилілігі мен жауапкершілігі іркіліссіз әрекет етуге мүмкіндік береді.