«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы С. Есімхановтың үндеуі
Құрметті әріптестер!
Қоғамның компаниялар тобының басты міндеттерінің бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету болып табылады.
Қоғам қойылған міндеттерді орындауға ерекше назар аударады. Біздің қызметкерлеріміздің денсаулығы мен өмірін сақтау, әсіресе пандемияның қиын кезеңінде, басшылар үшін де, әрбір қызметкер үшін де басымдық болып табылады.
Қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейі жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға ғана емес, бірінші кезекте ұйымдардың жоғары басшылығының тартылуына тікелей байланысты, өйткені өз қызметкерлерін сенімді қорғауға ұмтылатын ұйым әлемдік озық тәжірибелер қатарына тартылып, қосымша жақсарту идеяларын енгізуі керек.
Қауіпсіздік мәдениетін арттыру және өндірістік жарақаттануға жол бермеу әрбір қызметкердің жауапкершілік аймағы болып табылады. Сондықтан, біз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істейміз:
- өндірістік жарақаттануды төмендетуге, қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін және басшылықтың қатысуын арттыруға бағытталған жобалар енгізілуде;
-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру, озық өндірістік компаниялармен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс басталды;
-барлық оқыс оқиғаларды, оның ішінде жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғаларды міндетті тіркеу, тергеп-тексеру және есепке алу көзделген;
-қызметкерлерді жазатайым оқиғалар, ықтимал қауіпті оқиғалар туралы хабарлағаны үшін көтермелеу енгізілді.
Егер сіз қауіпсіз еңбек жағдайларының бұзылуын, жабдықтың қауіпсіз жұмыс әдістеріне сәйкессіздігін көрсеңіз, кез келген, оның ішінде өндірістік процесті тоқтатуға құқығыңыз бар екенін еске салғым келеді.
Сонымен қатар, қандай ережелер болса да, өз денсаулығыңыз мен басқалардың денсаулығы жоғары екендігін атап өткім келеді. Сондықтан, жұмысты қауіпсіз жүргізу – бұл біздің өз-өзімізге, әріптестерімізге, туыстарымызға және жақындарымызға деген міндетіміз екенін есте сақтауыңызды сұраймын.