Өзгеге өнеге болар іс

Айтқали Жақұтов атындағы 2-ЖЭО қызметкерлері станция аумағында бау-бақша отырғызды. Осындай көктемгі сыйлықты Бас инженер Бауыржан Қалиев, Басқарушы директордың қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Манат Бектұрған, Бас инженердің пайдалану жөніндегі орынбасары Абзал Жақыпбаев, Электр цехының бастығы Досжан Әсемқұлов, Автокөлік учаскесінің бастығы Бек Тұрдығұлов, Қазандық цехы бастығының орынбасары Мұхит Бокбасаров жасады.

 

- Біз көптеген жылдар бойы естелікке қалатын, жақсы нәрсе жасауға шешім қабылдадық. Сондықтан көшеттер сатып алдық. Біз әр ағашты Алматы облысы Балтабай ауылына арнайы барып өзіміз таңдадық. Ыңғайлы жер ойластырдық. Біз түрлі сұрыптағы 11 алма ағашын және 7 шие ағашын отырғыздық, - деді Абзал Жақыпбаев.

 

- Біздің бақша станцияның су жинау аумағында өсетін болады. Бірнеше жылдан кейін станция қызметкерлерінің үстелдерінде алғашқы өнім пайда болады деп үміттенеміз, - деді Досжан Әсемқұлов.

Бек Тұрдығұлов ағаштардың өсіп жатқанын қадағалап тұратынын айтты. Біз кетсек те, станцияда әдемі, гүлденген керемет бақ қалады.

 

Жігіттер ағаштарды ораза кезінде отырғызды. Мүмкін, біздің атқарған ісіміз басқа жұмысшыларға үлгі болып, шабыт берер.  Өйткені, бұл станцияны көгалдандырудан басқа, сонымен қатар жемісі де тәтті болары анық.