АлЭС вакцинацияға ерекше көңіл бөлуде

2021 жылдың 17 мамырына «АлЭС» АҚ-да компания қызметкерлерінің 21,7% егілді.

 

Екпе салдыру рәсімі департаментке байланысты станцияларда немесе медициналық мекемелерде персоналдың барып алуын ұйымдастырумен жүргізіледі. 2021 жылдың мамыр айында Б.Оразбаевтың 1-ЖЭО жұмысшыларына арналған мобильді егу пункті станцияның Денсаулық сақтау пунктінде екінші рет ашылды.

- Мен ағымдағы жылдың 11 мамырында 21 күн өткеннен кейін V Спутник вакцинасының екінші бөлігін алдым,- деді станция бас инженерінің орынбасары Мақсат Астаубаев. - Менің хал-жағдайым тұрақты, қанағаттанарлық. Бірінші күні өзімді жайсыз сезіну болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Барлығын екпе салдыруға шақырамын! Екпе салдыру-аурудың алдын алудың сенімді, тиімді шарасы. Вакцина адамды емдемейді, бірақ қорғайды.

Жалпы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бойынша 64 қызметкер егілді, оның ішінде 42 адам екінші екпе алды.

Батыс жылу кешенінде екінші рет «Спутник V» вакцинасын алуға шығу ұйымдастырылды. БЖК-ның 20 қызметкері «GRANDPARK» ТРК-дағы №6 қалалық емханада егілді.

 

Батыс жылу кешені бойынша вакцинацияланғандардың саны 43 адам, оның ішінде 13 адам екпені өз бетінше алды.  

      - «Мен жұмысқа және үйге қоғамдық көлікпен қатынаймын, кейінгі кезде коронавирус жұқтырудан қатты қорқатынмын», - деді БЖК электротехникалық цехының сынау және өлшеу жөніндегі электр монтері Гүлдана Бапышова. - Бізге жұмыста екпе салдыру туралы хабарлаған кезде, мен алдыңғы қатарда болдым. Алғашқы екпе салдырған күні шамалап басым ауырды. Дәрігердің нұсқауымен, дәрі ішіп жазылдым. 21 күннен кейін екінші екпені салдырдым, бұл жолы ешқандай өзгеріс болған жоқ. Өзімді керемет сезінемін. Біздің қаламыздың, еліміздің тұрғындарын екпе қабылдаудан қорықпауға шақырамын. Өйткені, бұл екпе қабылдағандарды қорғауға ғана емес, сонымен қатар Covid-19 таралуын тиімді төмендетуге мүмкіндік береді. Біз індетті тезірек жеңе аламыз.

«АлЭС» АҚ-да бүгінгі күні 685 қызметкер егілді.