Энергетиктердің әр шаңыраққа жылу мен жарықты қамтамасыз ететіні мені қуантады

 Бүгінгі кейіпкеріміз БЖК-ның ең жас және болашағы зор қызметкерлердің бірі, қазандық цехының аға шебері Айбол Дәулетов.

Балалық шақтың асқақ арманы

Менің балалық арманым-әскери қызметші болу болатын, оған себепкер – менің әкем, Отанды қорғап, өз халқына қызмет ету, үлгі болу, кезінде өзі Ауғанстанда қызмет еткен. Бірақ тағдырдың қалауымен, әскери комиссиядан өтпедім, сөйтіп бүгін менің жолым - Энергетика. Бала кезімнен мені үлкен түтін мұржалары қызықтыратын, өйткені біздің үй Ақсай - 5 шағын ауданындағы Батыс жылу кешенінің түтін мұржаларына қарай орналасқан болатын. Түтін қайдан пайда болады, бәрі қалай жұмыс істейді?-деген сұрақтар мені мазалайтын. Менің таң қалғаным- қазір ойласам, менің тағдырым әскери қызметшінің өмірі секілді, өйткені біздің мамандығымыз әрдайым тәртіп пен қатаң талаптарды талап ететін мамандықтың бірі болып саналады.

 

Энергетик болу үшін өзіне деген сенімділік, кез-келген жағдайға төзімділік, бейімделу қабілеті сияқты жеке қасиеттерге ие болуы керек, әрине, тәртіпті де ұмытпау керек. Егер кәсіби қасиеттер туралы айтатын болсақ, онда мақсатқа, нәтижеге ұмтылған, көп міндеттілік пен табандылық режимінде жұмыс істей білу керек.

Алғашқы танысу

 

2013 жылы «АлЭС»АҚ Батыс жылу кешеніне сорғы қондырғыларының (мазут) машинисі болып келді. Сол жылы БЖК бас инженері Джингильбаев Сәбит Сәрсембайұлының ұсынысы бойынша, жөндеулерді дайындау тобының инженерлікке, еңбек қызметі осы лауазымның талаптарына сәйкес келгендіктен ауысты. Мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінде жылу энергетик мамандығына оқыды. 2016 жылы электр энергетикасы мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Менің алғашқы тәлімгерім қазандық цехының бастығы Байзахов Кенжебай Ілиясұлы, - деп еске алды Айбол. - Ол қазандық цехының жабдықтарын жөндеу және пайдалану бойынша өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, үйретті. Кенжебай Ілиясұлына берген білімі, қолдауы, түсіністік пен шыдамдылығы үшін шын жүректен ризамын. Жөндеу жұмыстарын дайындау тобында бас инженердің орынбасары Попов Сергей Владимировичтің басшылығымен жұмыс істедім. БЖК-да тәжірибелі, әрдайым жанымда болып көмек беретін тәлімгерлер мен ұжымның арқасында ерекше қиындықтар болған жоқ.

 

Энергетик болу жауапты мамандық

 

Менің еңбек қызметімде БЖК бу бөлігін қайта құру мені таң қалдырды, өйткені бұрын қайта құруға дейін бәрі қолмен ауысатын еді, ал қазір көп нәрсе автоматтандырылған. Мен ТҚЖЖ бағдарламасын енгізу кезінде БЖК-да инженерлік-техникалық қызметкерлерді жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі қалай жұмыс істейтінін үйрете алатын жалғыз техникалық қызметкер екенімді мақтан етемін.

 

Менің жұмыс күнім жұмыс орындарын, жабдықтарды аралаудан және ақаулармен танысудан және оларды цех әріптестерімен бірлесіп шешуден басталады. Менің міндеттеріме жөндеу жұмыстарын жоспарлау және су жылыту қазандықтарының ақауларын жою кіреді. Цех басшысымен қойылған міндеттерді шешеміз. Менің ойымша адамға ең қажетті қасиет — командада жұмыс істей білу.

Менің ойымша, энергетика мақсатты, нәтижеге бағытталған, көп тапсырма режимінде жұмыс істей білу, қайсарлық, кез-келген жағдайда дұрыс көзқараста болу керек. Энергетика-қауіпті өндіріс. Күн сайын, әр сағат сайын, бәріне мұқият болу керек, әр шешімді, әр қадамды егжей-тегжейлі қарастыруыңыз керек. Біздің Басқарушы директор Тастанбеков Әлібек Маратұлы әрдайым: «Өзіңді сақта, қауіпсіздік техникасының талаптарын сақта, өйткені сені үйде күтеді!»,-дейді.

 

Энергетиктердің арқасында әр шаңырақта жылу мен жарық бар екеніне өте қуаныштымын!

 

Тек жұмыс емес

 

Мен үшін ең бағалы сыйлық — бұл ата-аналарым, әрқашан біздің жоғары білімді игеріп және кез-келген өмірлік жағдайда адам болып қалуға тәрбиелеген. Ал ең маңызды сыйлық - менің екі қызымның дүниеге келуі.

Сүйікті ісім туралы. Бойымның арқасында (мен 2 метрге жуық) мені ежелгі түркі батырларының киімдерін тігетін шығармашыл адамдар байқады. 2018 жылдан бастап жұмыстан бос уақытта мерекелерде, іскерлік кездесулерде, бейнебаяндарда өнер көрсетемін және түркі батырының киімінде телеарналар бағдарламаларына қатысамын. Бұл ермегім сүйікті ісіме және қосымша табысыма айналды. Бос уақытымда садақ атумен, атқа мінумен айналысамын, өйткені біздің батырларымыз әрқашан тамаша шабандоздар мен садақшыла болған. Атқа міну, садақ ату денсаулыққа өте пайдалы. Құрметті әріптестер, сіздерге шын жүректен рухани байлық пен берекелі табыс тілеймін, әрқашан мақсаттарыңызға жетіп, тек сүйікті ісіңізбен айналысыңыз, өмірдің рахатын көріңіздер!