Сіздерге мың тағзым, құрметті ардагерлер

 Жыл сайын «АлЭС» АҚ өз ардагерлерін құттықтайды. Биыл компания басшылығы Ұлы Отан соғысының қатысушысы Заец Василий Матвеевичке құттықтады.

- Өкінішке орай, уақыт өте келе қасымыздағы ардагерлер саны азайып барады. Қазір Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері тұрады. Біз олардың арасында Василий Матвеевичтің де бар екенін мақтан тұтамыз. Ол 26 сәуірде ол 95 жасқа толды. Біздің компания ардагерді қолдап, қамқорлық етеді. Өйткені, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің еңбегінің арқасында, біз еркін мемлекетте өмір сүріп, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндігіміз бар, - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қырқынбаев.

 

 

 

Василий Матвеевич 1943 жылдың қараша айында Қызыл Армия атқыштар дивизиясы қатарына шақырылды. Вязьма қаласындағы шайқаста ерлік көрсеткен. Орша шайқасынан Барановичейге дейін, одан Балтика жағалауына дейін шайқаста болған. Жараланып, емделіп, әскерге қайтадан оралды. 1950 жылдың қазан айына дейін әскерде болып, кейін қайтарылған. Оның майдандағы «Отан соғысы» ордені және «Ерлік үшін», «Бостандық пен еркіндік үшін» берілген екі медалі, «Одырнейсен мен Балтиканы алғаны үшін» поляк марапаттарының қатарына еңбек марапаттары мен атақтары қосылды. Бейбіт өмірде Алматы МАЭС  қазандық цехы –ыстық. Екі жылда әртүрлі мамандықты игерді. Энергетик еңбегі де наградалармен атап өтілді.                                                         Бүгінде ардагер отбасы мен достарының ортасында аман-есен 95 жасқа келіп, Жеңіс күнін қарсы алғанына қуанышты.

 

 

 

- «АлЭС» АҚ-ға маған көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін ризамын.  - 3-ЖЭО Басқарушысының орынбасары Марат Әмір туған ұлыма секілді, - деп атап өтті ардагер. Ешқашан сөзімді жерге тастамайды. Компания бізге жуынатын бөлменің санитарлық торабын жөндеп, бөлмелерімізді жаңартып берді. Жақында бізге дөңгелегі бар үстел сыйлады. Мараттың әкелетін азық-түліктерін  тіптен айтпағанда. Компания ұжымына алғысым шексіз! Баршаңызға денсаулық, бейбіт аспан тілеймін.

 

«АлЭС» АҚ атынан Василий Матвеевичке 500 000 теңге бөлінді. «АлЭС» АҚ ұжымы компанияның тағы 55 жұмыскерін және құрметті демалысқа шыққан тыл ардагерлері мен Ауған ардагерлерін құттықтады.