АлЭС ЕҚДБ семнарына қатысушы

«АлЭС» АҚ өкілдері «Қазақстандағы гендерлік теңдікті ілгерілету және жаңартылатын энергетика саласын қолдау бағдарламасы» атты жоғары деңгейдегі ұлттық семинарға қатысты. 

Семинар 2021 жылдың 27-28 сәуірінде онлайн форматта өтті. Семинарда ҚР Энергетика вице министрі Қайрат Рахимов, ЕҚДБ гендерлік және экономикалық инклюзия жөніндегі директоры Барабара Рамбусек, халықаралық сарапшылар және т. б. сөз сөйледі.

-Бізді семинарға энергетикалық секторда тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша озық тәжірибемізбен бөлісуге шақырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ кадр саясаты саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерді бейімдеуге қолдау көрсеткенін атап өткім келеді, - деді «АлЭС» АРБ бастығы Дария Шайжанова.

 2018-2019 жылдары «АлЭС» АҚ ЕҚДБ және Ергон командасымен бірлесіп мектеп елшілерінің бағдарламасын іске қосты, Алматы энергетика және байланыс университетінде, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінде дөңгелек үстелдер өткізілді.

Шайжанова Дария корпоративтік коммуникациялардың тең мүмкіндіктерін ілгерілетудегі ерекше рөлді атап өтті:

 

- Біз тең мүмкіндіктерді ұсынуға деген ұмтылысымызды сайтта жариялаудан бастадық. Энергетикалық сектордағы мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпараттарды арттыру бойынша тұрақты жұмыс істейміз. Біздің «АлЭС» компаниясының «АлЭС жаңалықтары», «Құрмет тақтасы» атты ішкі жобаларында  энергетик әйелдер туралы, олардың қандай мансап жолынан өткені туралы, көп балалы аналар, бойжеткен жас мамандар туралы ақпаратты орналастырамыз. Әрбір коммуникативтік жобада мақсатты түрде әйелдер өкілеттілігінің балансын сақтауға тырысамыз. Компания басқармасының құрамында 1 әйел (14%), Директорлар кеңесінің құрамында – 2 әйел (30%) бар. Жалпы Компания бойынша: бізде әйелдердің 20% - ы және ерлердің 80% - ы жұмыс істейді.

 

«Мектеп елшілері» жобасы туралы Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Сәбікенова Жанар айтып берді. Энергетик – бұл ерлер мамандығы деген қалыптасқан дағды бар. Жеке тұлғаның қалыптасуы бала кезінен басталатынын бәрімізге мәлім. Сондықтан бағдарлама оқушылардан басталды. Станцияда танымдық экскурсиялар жүргізілді, содан кейін балалар лагерінде энергетика мамандығы туралы қажетті ақпараттар айтылды.

 

Қазіргі уақытта пандемияға байланысты мектеп елшілерінің жобасы тоқтатылды, бірақ университеттермен жұмыс жалғасуда. «АлЭС» АҚ тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша өзінің озық тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырады.