«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы тағайындалды


«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының шешімімен «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Қырқынбаев Ерлан Амантайұлы тағайындалды.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ өндіру және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, «АлЭС» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Серік Түйтебаев 2021 жылғы 23 сәуірде «АлЭС» АҚ жаңа басшысын ұжымға таныстырды. Бұған дейін Ерлан Амантайұлы «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Әр жылдары «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарушы директоры, «АПК» АҚ қалалық тарату желілері департаментінің директоры қызметтерін атқарған.