«АлЭС» АҚ: Ұлы Отан соғысының ардагері 95 жылдық мерейтойын атап өтті

 2021жылдың 24 сәуірінде Заец Василий Матвеевич 95 жылдығын атап өтті.

Ардагерді мерейтойымен құттықтауға «АлЭС» АҚ өкілдері келді. 1943 жылдың қараша айында он жеті жасар Василий Заец әскерге шақырылды. Шабуылдармен Баранавичи, Оршаны басып алу шайқастарына қатысты. Ол соғыста ерлік көрсетіп, батыл шайқасты, жарақат алып, гопитальда емделді. Польшаны босату шайқасына қатысты. Майдандық марапаттауларының қатарында «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» екі медалі, польша мемлекетінің «Бостандық пен еркіндік үшін», «Одырнейсен және Балтықты алғаны үшін» медальдары  бар.

1950 жылдың қазан айында әскерден қайтарылды. Ата-анасының тұрғылықты жері Алматы қаласына келді. Әр түрлі жерлерде жұмыс істеді. 1960 жылы маусым айында мамандығы жоқ болса да, энергетика жүйесіне жұмысшы болып орналасады. Кейін бірнеше мамандықты игереді: кезекші слесарь, диірмен машинисі, багер машинисі, қазандық машинисінің көмекшісі.

 

1988 жылдың наурыз айында денсаулығына байланысты зейнетке шықты. Жұмысшы мамандығына қарамастан, аянбай еңбек етті. Атақтар, еңбек ордендері – әскери наградаларға лайық. Василий Матвеевич өзінің туған станциясына 28 жылын арнады: «Біз жұмысқа өз үйімізге келгендей жүруші едік. Өйткені ұжым біздің екінші үлкен отбасымыз, біз бірге жұмыс істедік, бір-бірімізді қолдадық, құрметтедік. Қазандық және турбина цехтарындағы достарымды жиі еске аламын, - деп бөлісті ардагер.

«Сіз көптеген тарихи оқиғалардың куәсі де қатысушысы да болдыңыз. Соған қарамастан, сіз өмірді жақсы көретін батыл адам болып қалдыңыз! Сізге зор денсаулық, жарқын да қуанышты күндер тілейміз, – деп атап өтті Өндіріс жөніндегі басқарушы директор-Бас инженер Газий Исмұхамбетов.

Мерейтой иесі мұндай ықыласқа қуанышты екенін айтып, «Алматы электр станциялары» АҚ ұжымына шын жүректен алғысын білдіреді.