Жеңіс сәт!

Гүлназ Мерембай, Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО химиялық талдау зертханашысы, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ең креативті бейнеролик» номинациясының жүлдегері

«Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау» департаменті еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мотвациялық бейнероликтер конкурсын ұйымдастырды. «АлЭС» АҚ атынан байқауға 8 бейнеролик жіберілді: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО –6 бейнеролик; ОҚТО - 1 бейнеролик;                                 Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС -1 бейнеролик.

 

- Алматы техникалық университетін тәмәмдап Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ға жұмысқа тұрдым. Мен станцияда үшінші жыл істеймін. Бізде ұжым өте тату. Мен конкурс туралы Еңбекті қорғау қызметінен естіп, оған қатысуға бел будым. Шыны керек, маған идея ойлап табу, сценарий жазу біршама қиындыққа соқты. Бірақ әріптестерім мені қолдады. Бейнеролик тақырыбы «Еңбекті қорғау саласындағы мотивациялық бейнероликтер» болғандықтан, мен оны Тиктокта желісінде түсірдім. 

Жас маман ретінде мен бейнероликті көптеген жастар көрсін деген үмітпен, қызықты, әрі сәнді етіп жасағым келді. «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасын алу мен үшін үлкен құрмет. Бұл бәріміздің жеңісіміз! Әріптестеріме химия цехының бастығы Копобаева Гүлнар Қауанқызына, инженер-технолог Дорошева Гүлнарға, зертханашылар Сатыбалдиева Айман, Гопак Елизавета, Толкымбекова Айнұрға қолдау көрсеткені және роликке қатысқаны үшін алғысым шексіз.

 

«АлЭС» АҚ ұжымы Мерембай Гүлназды жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Осымен тоқтамай, ізденіңіз, үйреніңіз және дами беріңіз. Гүлназ сізге сәттілік, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз!

http://www.ales.kz/ru/component/nvideogallery/?view=nvideogallery сайтынан мотивациялық видеороликті көруге болады