2021 жылдың 22 сәуіріне компанияда 502 қызметкер егілді
2021 жылғы 16 сәуірде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізуді жеңілдету үшін «№5 қалалық емханасы» МКҚК Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО денсаулық пунктінде мобильді егілу пункті жұмыс жасады. Вакцинация ерікті түрде ресейлік «СПУТНИК-V» препаратымен жүргізілді.
- Кейбір жұмысшылардың басында COVID-19 вакцинасына қатысты сұрақтар мен күмәндар туындауы мүмкін, сондықтан компания үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Пандемияны жеңу үшін бізге ұжымдық иммунитет қажет деп санаймын. Вакцинация-бұл сол үшін ең қарапайым және тиімді әдіс. Сондықтан мен бүгін егуді ұйғардым, - деді бу турбиналарының машинисі Людмила Кручина Васильевна.
Электр машиналарын жөндеу жөніндегі электр слесарі Сергей Волковтың айтуынша, егуден кейін кәдімгідей денсаулығыңа қатысты қорқыныш, қобалжудан арылады екенсің. Дегенмен, маска режимін және басқа да барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастырамыз деді.
92 адам вакцинациядан өтті, оның ішінде 1-ЖЭО қызметкерлері – 44 адам, «Энергожөндеу» ӨЖК - 37 адам, «Бурган-2005» мердігерлік ұйымы - 2 адам.
Алғашқылардың бірі болып станция басшылығы егілді.
- Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық шараларды сақтау әркімнің азаматтық парызы деп санаймын, - деді станцияның Басқарушы директоры Исахан Сырғабаев. – Бүгін қызметкерлер вакцинаның 1-ші компонентін алды. 6 мамырда станцияның денсаулық сақтау пунктінде вакцинаны алудың 2-ші кезеңі жоспарланған.
Бүгінгі таңда вакцинациядан өткен барлық жұмысшылар жұмыс орындарында, өздерін жақсы сезінеді.