«АлЭС» АҚ жылыту маусымын сәтті аяқтады

Алматы қаласы мен Алматы өңірін жылумен қамтамасыз ету үшін өткен жылыту маусымында 5 млн Гкал жылу энергиясы өндірілді

 

2020-2021 жылыту маусымы Алматы қаласы әкімдігінің №2/219 және Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің №136 қаулыларына сәйкес 2021 жылғы 13 сәуірде аяқталды. Жылу беру тұрақты жылы ауа-райының басталуына байланысты тоқтатылады.

– Жалпы жылыту маусымы сәтті өтті, бұның дәлелі қала мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз еткені, - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.- Осы кезеңде «Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындай отырып, 3,3 млрд кВ*сағ электр энергиясын және 5 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. Жұмысқа 20-ға жуық қазан агрегаттары мен 13 бу турбиналары жұмылдырылды. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан (компанияда КҚК уақытында COVID-19-бен 53 жұмыскер шалдықты) өткен жылыту маусымында электр энергиясын беруде еш қиындық туындамай, тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес жылу энергиясы толық көлемде жіберілді.

 

«АлЭС» АҚ энергия көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарында жөндеу науқанын бастайды.

 «Алматы электр станциялары»  АҚ Алматы қаласы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы жылуының 76% - ын және электр энергиясының 60% - ын қамтамасыз етеді. «АлЭС» АҚ құрамына: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО,  А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ОҚТО кіреді.

Анықтама: Жыл сайын жылыту маусымы, егер жылу орталықтандырылған жүйе арқылы берілсе, бес күн қатарынан Цельсий шкаласы бойынша орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болған кезде басталады. Жылыту кезеңі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы осы белгіден жоғары болған кезде аяқталады. Жылыту маусымының мерзімін Алматы қаласының әкімдігі және Алматы өңірінің Іле ауданының әкімдігі бекітеді