КОМПАНИЯ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУІ

«АлЭС» АҚ Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында 2020 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есеп беру жиналыстарын өткізді

2021 жылғы 25 наурызда компанияда БКБ режимінде «Алматы электр станциялары» АҚ 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы еңбек ұжымының жиналысы өтті.

Н.Мұхамед-Рахимов оныншы жыл корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы есеп беріп отырғанын атап өтті. 2020 жылы компания электр энергиясын өндіру бойынша жоспарды 99,9% - ға және жылу беру бойынша жоспарды 111,4% - ға орындады.

2019 жылдың 1 маусымынан бастап Компанияда «АлЭС» АҚ – ның 2019-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарты қайта жасалды. Жұмыстағы басымдықтардың бірі кәсіптік оқыту болып табылады, 2020 жылы 2 876 адам оқыды.2007 жылдан бастап «АлЭС» АҚ қаражаты есебінен «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ және «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК-да 192 қызметкер оқытылды. Сондай-ақ, жиналыста Компанияда жыл сайын құрылымдық бөлімше басшыларының құрамы жаңартылып отыратыны атап өтілді. 2020 жылы кадрлық резервтен 34 қызметкер тағайындалды.

Компанияның әлеуметтік тұрақтылық индексінің деңгейі 83% - ды, персоналды тарту индексінің деңгейі де 88% - ды құрайды.

Тұрақты дамуға қосқан үлесі үшін өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, Компания қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Жиналыста Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын орындау бойынша қызмет қорытындылары ұсынылды. Компанияның қызметі ашық және заңды. 2020 жылы 490-нан астам имидждік материалдар жарияланды.

Басқарма Төрағасы қызметкерлерді 2021 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында тұрақты дамуын жалғастыратынына сендірді.