2020 жылға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бейнеконференция форматында жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, 2020 жылдың қорытындылары бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жария тыңдау нысанында есеп жүргізетіндігін хабарлайды. 

  1. табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері:

         «Алматы электр станциялары» АҚ; мекен-жайы: Алматы қаласы,Достық даңғылы, 7;

  1. есеп берудің өткізілетін күні мен орны:2021 жыл 16 сәуір сағат 16.00.,               Алматы қаласы, Достық даңғылы, 7;
  2. ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі:жылу энергиясын өндіру бойынша қызметтер, суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі қызметтер.

Алматы қаласындағы коронавирус бойынша карантин режимі мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жария тыңдаулар бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылуға сілтеме жария тыңдаулар өткізілетін күні www.ales.kz ресми сайтында «Медиа» бөлімінде «Компания жаңалықтары» атты кіші бөлімі орналастырылады.

Өткізілетін есеп туралы хабарландыру 2021 жылғы 19 наурыздағы №10-11(757-758) б.6.) «Деловой Казахстан» Республикалық экономикалық газетінде жарияланды.

Презентация к отчету по итогам 2020.pdf