«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, 2020 жылдың қорытындылары бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жария тыңдау нысанында есеп жүргізетіндігін хабарлайды.
«Алматы электр станциялары» АҚ; мекен-жайы: Алматы қаласы,Достық даңғылы, 7;
Алматы қаласындағы коронавирус бойынша карантин режимі мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жария тыңдаулар бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылуға сілтеме жария тыңдаулар өткізілетін күні www.ales.kz ресми сайтында «Медиа» бөлімінде «Компания жаңалықтары» атты кіші бөлімі орналастырылады.