Каскад ГЭС тұтас жұмысшы дөңгелегін орнатты

Наурыз айының басында 2-ГЭС-те А-3 гидроагрегаты іске қосылды. Ұжымның бірлескен қажырлы еңбегінің арқасында гидроагрегатқа Австрияда жаңа технологиялар бойынша жасалған жұмысшы дөңгелегі құрастырылды. Оны іске қосу Каскад ГЭС мамандары Т.К.Кочкинбаевтың, С.А.Тоқтарбаевтың, О.В.Чеснаковтың, А.М.Ермурзаевтың басшылығымен 8 наурыз күніне орай Каскад ГЭС және «АлЭС» АҚ әйелдері үшін ерекше сыйлық ретінде жүргізілді.

 

 

2021 жылғы 19 ақпанда гидроагрегаттың жөндеу жұмыстарын Басқарушы директорлар Б.А.Сабырқұлов, А.К.Шанлакбаев, И.А.Сырғабаев, Ф.Ф.Салимов, А.М.Тастанбеков және Басқарма Төрағасы Н.Т.Мұхамед-Рахимовтың басшылығымен бастаған «АлЭС» АҚ техникалық комиссиясы жұмысшы дөңгелегінің дайындалуын, сапасын және монтажын тексерді.

 

 

 

2018 жылы Каскад ГЭС-ң бір топ қызметкерлері Б.А.Сабырқұлова, И.А.Геккеева,                  С.В.Киселева Алматы қаласындағы кезекті Power Energy көрмесіне барғаннан басталып, сонда гидроэлектростанцияларға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді дайындауға маманданған австриялық WWS «Wasserkraft» компаниясының өнімдерімен танысады. 2019 жылы австриялық WWS «Wasserkraft» фирмасымен А-3 2-ГЭС гидроагрегатына арналған соғылған моноблоктан тұтас жұмысшы дөңгелегін дайындау туралы мәселе пысықталды. 2020 жылғы шілдеде Австрияда тозуға және коррозияға төзімді хром никельді болаттан жасалған Пельтон жұмысшы дөңгелегін дайындау және оны Каскад ГЭС-ке жеткізу туралы шарт жасалды.

Жаңа жұмысшы дөңгелегінің сызбасын WWS «Wasserkraft» компаниясы жасап шығарды және Каскад ГЭС электр машина цехы мен ӨТБ-мен келісілді.

Негізгі технологиялық үдерістер моноблоктан қаптаманы жасау және осы қаптамадан жұмысшы дөңгелегін шығару болды.

Жаңа жұмысшы дөңгелек жасау бойынша үйлестіру және жұмыс көлемі бес айға жуық уақытты алды. Әлемге келген індетке және зауытта жұмысшы дөңгелегін жасау процесін бақылау қажеттілігіне байланысты WhatsApp тобы құрылды. Жұмысшы дөңгелегін жасау процесі «Wasserkraft» өкілдерінің есептері бойынша бақыланды.

Жұмысшы дөңгелегі Австриядан 2020  жылдың 18желтоқсанында жөнелтіліп, 2021 жылдың  5 қаңтарында  Ресей аумағына келді

 

 

 

 

 

 

Благодаря слаженной работе персонала Каскада ГЭС и АО «АлЭС» 9 января 2021г. рабочее колесо было доставлено на Каскада ГЭС в г.Алматы.

 

 

«АлЭС» АҚ және Каскад ГЭС қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында 2021 жылғы 9 қаңтарда жұмысшы дөңгелегі Алматы қаласындағы Каскад ГЭС-ке жеткізілді.

Жұмысшы дөңгелегін орнату барысында қызметкерлерден үлкен күш-жігерді, кәсібилік пен шеберлікті талап ететін қиындықтар туындады.

 

 

- Маңызды сұрақтардың бірі жұмысшы дөңгелегін бекіту үшін гидроагрегат білігінің жартылай муфтасындағы бекіту тесіктерінің бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру мәселесі болды. Каскад ГЭС қызметкерлері «Энергожөндеу» ӨЖК өкілдерімен бірлесіп, цилиндрлік емес, сәйкес келмейтін және саңылаулардың сопақтығын жойып, жартылай муфталы тесіктерді таңдау туралы шешім қабылдады, - деп нақтылады Каскад ГЭС Басқарушы директоры Бисембек Сабырқұлов. - Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша жартылай муфтаның барлық сегіз бекіту тесіктері дайындаушы зауыттың бастапқы өлшемдеріне дейін қалпына келтірілді. Мұндай жұмыстар 2-ГЭС гидроагрегаттарында оларды іске қосу басталғаннан бері жүргізілмегенін атап өту қажет.

Бұл Каскад ГЭС үшін маңызды оқиға! Тұтас жұмысшы дөңгелегін орнатудың арқасында агрегаттың бірлік қуатын 4,8-ден 5,2 МВт-қа дейін ұлғайту алынды, бұл қазіргі және болашақтағы жабдық жұмысының перспективасы мен сенімділігі.