АлЭС қызметкері «Көктем шуағы» байқауының жеңімпазы атанды

 

2021 жылдың наурыз айында «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары қызметкерлері арасында «Көктем шуағы» байқауы өтті. Сайысқа энергетика, теміржолшылар, пошташылар, мұнайшылар, металлургтер сияқты түрлі мамандық иелері қатысты…

 

 

Конкурс барысында жарқын кәсіби қасиеттері мен жетістіктерімен ерекшеленген ең дарынды әйел қызметкерлерді анықтауға және марапаттауға мүмкіндік берді. Іс-шара бірнеше аптаға созылды. Бірінші кезеңде компаниялар жүздеген үміткерлердің ішінен жұмыс барысында ерекшеленген 55 үздік қызметкерді іріктеп алды. Екінші кезеңде викторина өткізілді, ол ең білімді 36 қатысушыны анықтады. Содан кейін байқауды ұйымдастырушылар қазақстандықтарға онлайн-дауыс арқылы жеңімпаздарды өздері таңдауға мүмкіндік берді. Оның қорытындысы бойынша 11 жеңімпаз іріктеліп алынды, олардың әрқайсысы топтың бір портфельдік компаниясын құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ атынан «Алматы Электр Станциялары» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО химиялық цехының 1 санатты инженері Әсел Жүсіпбекова жеңімпаздардың бірі болып таңдалды.

 

 

2008 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін бітіргеннен кейін Әсел «АлЭС» АҚ-ға жұмысқа орналасты. Әсел станциясында 13 жыл еңбек етуде. Әсел мамандық таңдаудан жолы 

 

 

 

болғанын айтады. 1-ЖЭО оның екінші үйіне айналды.

- Сүйікті ісіңмен айналыссаң, істің өзі саған керемет қуат береді, - дейді Әсел. – Мен өз жұмысымды толықтай беріліп атқарамын. Басты байлығым, әрине, менің отбасым, ата-анам, жолдасым, екі ұлым. Мен оқығанды, билегенді және велосипедпен серуендегенді ұнатамын.

Қымбатты әріптестер! Осы байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Сіздерге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Әрине, «АлЭС» АҚ барлық департаменттеріне үлкен рахмет. Бұл біздің ортақ командалық жеңісіміз!»

 

Марапаттау рәсімі онлайн өтті.

«АлЭС» АҚ ұжымы Әселді жеңісімен құттықтайды! Компанияның барлық қызметкерлері оған дауыс берді. Қолдау тобын құрдық. Бұл «АлЭС» АҚ-ның мықты корпоративтік рухын көрсетеді. Бізді алда әлі де жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз!