Жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу

2021 жылдың наурыз айының ортасында «Алматы электр станциялары» АҚ бастамасымен «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 1 және 2 курс студенттерімен кездесу өтті.

 

- Студенттерге компания туралы біраз мағлұмат берілді, - деп бөлісті Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова. - Біз корпоративтік құндылықтарымыз туралы, әлеуметтік жауапкершілік, әрбір өндірістік департаменттің қызметі, Ұжымдық шарт туралы ақпарат бердік. Жұмысқа үміткерлерді іріктеудің негізгі қағидаларына және ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуы жөнінде егжей-тегжейлі тоқталдық.

 

Кездесу барысында Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен жұмыс тәжірибесі, энергетика саласында тең мүмкіндіктерді ілгерілету жобасы туралы, біздің кәсіпорындағы әйелдердің табысты жұмыс тәжірибесі туралы бөлістік.

 

$1-                     «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ - мен біз 2018 жылдан бастап дуальды оқыту элементтерімен технологиялық практикадан өту бойынша бірлескен жобада жұмыс істеп келеміз, - деп атап өтті Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Жанар Сәбікенова. - Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының 3 курс студенттері «АлЭС» АҚ-да технологиялық тәжірибеден өту кезінде практикалық оқудан өтеді. Дуальды оқыту үш жұмыс мамандығы бойынша жүргізіледі: қазандық жабдығы жөніндегі машинист-қараушы; турбина жабдығы жөніндегі машинист-қараушы және химиялық талдау зертханашысы. Студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

«Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының меңгерушісі, Т.Ғ.К. доцент Андрей Кибариннің пікірінше, дуальды оқыту жүйесін енгізу кәсіпорынның кадрларды даярлау процесіне белсенді қатысуына, студенттердің оның базасында өндірістік практикадан өтуін қамтамасыз етуге де байланысты. Бұл студенттердің университетте алатын теориялық білімдерін нығайту және кәсіби дағдыларын бекіту үшін қажет.

 

Студенттермен осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарлануда. Әрбір кәсіпорынға еліміздің энергетикалық жоғары оқу орындары даярлайтын білікті кадрлар қажет.