Таңдаған іске адалдық

Өз ісіне адалдық. Ирина Миленина өзінің кәсібі туралы әңгімелейді

i1

 

 

 

Энергетиктер әулиетінен

Ирина Миленина-тәжірибесі мол энергетик. Бұл маңызды және адамдар үшін қажет салада 1978 жылдан бастап еңбек етуде.

- Мен Алматы-энерго-ға 17 жасымда келдім. Содан бері мен осы саладамын. Алматы энергетика институтында білім алып, кейін «Алма-Атаэнерго» АЭБ, «Алма-Атаэнерго» АЭШБ, «АЭЖК» (Алматы электр желілері кәсіпорны), «Алматы Пауэр Консолидейтед» ЖАҚ-да жұмыс істедім. Компанияның атауы бірнеше рет өзгерді, бүгінгі күні біз «Алматы электр станциялары» АҚ деп аталамыз, бірақ жұмыстың мәні өзгерген жоқ. Энергетикадағы ақпараттық технологиялардың қалыптастыру процесі көз алдымда шағын кешендерден қуатты процессорларға өзгерді.Әр жолы біз мұның қалай жұмыс істейтінін зерттеп, пайдаланушыларға білім мен тәжірибені жеткізуіміз керек.                                                   Ирина Абдрахмановна өз жұмысы туралы үлкен ынта-жігермен әңгімелейді. Әңгімесінен өз жұмысына деген сүйіспеншілікті еріксіз байқауға болады.

- Менің әжем Ұлы Отан соғысы жылдары Каскад ГЭС құрылысына қатысты. Ол қала тұрғындарының таулардағы құрылыс жұмыстарына қалай жаяу барғанын, жер төледе қалай өмір сүргенін айтатын. Бірақ барлығы шағымсыз, бірдей жұмыла Жеңіс үшін жұмыс істеді.

i2   

Ал әкем Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інің құрылысына қатысты. Бөгеттің қалай салынғаны туралы талай әңгімелейтін. Қапшағай ГЭС-ін аралағанда, бөгеттің құрылысына әкемнің қосқан үлесі бар екені есіме түсіп, ерекше бір мақтаныш мені бой алады. Мен үшін үлгі тұтар тұлға- ол әкем Әбдірахман Сапаров. Отбасымызда үлкендерге құрметпен қара, олардың кеңесіне құлақ ас деп тәрбие берген.


   i3 

Бала кезімде әкеме жұмысқа баратынмын. 1 Мамыр немесе 7 қараша құрметіне ескі ғимараттың дәлізінде бізге арнап шарлар ілулі тұратын. Біздің ғимараттың орнында ағаштан жасалған үй болатын, онда шаштараз бар, мені сол жерге шаш қиюға апаратын.

 

 

 

  

Әкеме қауіпсіздік техникасы бойынша емтихандарға билеттер жазуға көмектескенім есімде. Анық жазатынымды мақтайтын еді. Бірде әкем мені бірінші рет диспетчерлік орын жайға алып келді, онда жұмыс істеушілердің бәрі маған таныс еді. Өйткені, біз бәріміз бір үйде тұрдық. Бұл үлкен бір тату отбасы болатын.

i4

 

   

Сыныптастарыммен АЭИ-ге экскурсияға бардық, бізге найзағаймен тәжірибелер көрсетілді, осы керемет менің мамандық таңдауыма түрткі болды. Әрине сұранысқа ие мамандық екені рас, бірақ әрдайым трансформаторлар мен қауіпсіздік техникасы бойынша оқыған кітаптарымен ерекше шабыт берген менің әкем.

Біздің институтқа негізінен ер азаматтар қабылданады. Мен оқыған курста 100 адамның, 25-і қыздар болды. Техникалық мамандық болғанымен, оқу қызықты және оңай болды.

Сонымен, мен біздің энергетиктер әулетін жалғастырушымын.

 

40 жыл бойы бір кәсіпорында еңбек ету

Институттан кейін жұмысқа орналасуға келгенімде, Ақпараттық технологиялар бойынша мамандар жетіспейтіндігін айтты, мамандығым бойынша инженер-электрик болғандықтан, АБЖ бөліміне келдім. Институтта алған білімім бухгалтерлік, экономикалық, сатып алу және техникалық процестерді сипаттауға және енгізуге бірнеше мәрте пайдасын тигізді.

i5

   

Қазір АлЭС-гі қолданылатын «Номенклатура» анықтамалығын құрастыру барысында барлық қоймалардан әр бөлікке жеке код белгілеп жинаған болатынбыз. Бүгінгі таңда жоспарлаудан бастап, материалдар мен жұмыстарды өндіріске шығаруға дейін көп көмек беретін Нұсқаулық. Әрине, бұл бір ғана адамның жұмысы емес, барлық тату ұжымымыздың жұмыа атқарған еңбегіміз. Қазір компанияда нақты саясат жұмыс істейді, әркім өзіне қажет АлЭС-тің құжаттарынан ақпаратты таба алады.

Бірнеше жыл бойы мен жұмысшыларымызды Word, Excel, Windows бағдарламаларымен оқыттым. Алматы Пауэр Консолидейтед басшылығы бізді кәсіби оқытушылар курсына жіберді. 

 
i6

Біз жұмысшыларымызды оқу орталығында өндірістен қол үзбей оқыттық. Маған, кейбір шәкірттерім әлі де ризашылықпен рахмет айтады. Менің оқытушылық тәжірибеммен әлі күнге дейін қолданушыларға бағдарламалық жасақтаманы игеруді көмектесу үшін қолданамын.

Мен энергетикаға саласына тамаша адамдар келетініне сенімдімін. Біздің компанияның ерекшелігі осы керемет жандар. Бұл өз кәсібіне ғашық, жан-жақты дамыған, әрі жоғары білікті мамандар.

Менің алғашқы тәлімгерлерім АБЖ қызметінің бастығы Бронислав Иванович Кисель және Дайындық бөлімінің бастығы Титова Нина Семеновна болды. Олар маған жауапкершілік пен тапсырмаларды нақты орындауды үйретті.

Ақынжанов Әмзе Ақынжанұлы және Сәуле Омарбековамен бірге әріптес болғаныма тағдырыма ризамын. Маған тұрақтылықты, дұрыс шешім қабылдауды үйреткен және менің жеке басымды қалыптастыруға септігін тигізген керемет жандар.

 

 

 

Адамдарға пайдасын тигізу!

Менің жұмыс күнім поштаны тексеруден басталады. Мен онда жаңа тапсырмалардың немесе пайдаланушылар келген сұрақтардың бар-жоғын тексеремін. Мен оларға бірден жауап беруге тырысамын немесе осы жағдайда не істеу керектігін түсіндіру үшін қолданушымен хабарласамын, яғни кері байланыстамын. Мен бір күнге жұмыс жоспарын жасаймын. Менің басты міндеттерім технологиялық процестерді енгізу болып табылады.

Әрине, өзін-өзі дамыту қажет, , технологияның даму заманы болғандықтан,көп нәрсені үйреніп, біліп үнемі бір қадам алда болу керек. Компанияда құжат айналымын енгізу соңғы екі жыл ішінде мені қатты қызықтырды. Бұл менің қоршаған табиғатты сақтауға қосқан үлесім болды. Институттағы экология пәні бойынша жасаған зертханалық жұмыстар әлі есімде, күлтұтқыш сүзгілер тақырыбында жазған мәнжазбалар, оқытушы бізге қоршаған ортаны сақтаудың қаншалықты маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіруші еді.

i7

    

«Құжат айналымы» бағдарламасы енгізілгеннен кейін қағазды, сондай-ақ бензинді тұтыну едәуір үнемделді. Өйткені, АлЭС дегеніміз-бұл сегіз департаменттен тұрады, сондықтан қажет қағазға қол қою үшін қаланың бір шетінен екінші шетіне бару керек, себебі әрқайсының орны әр жерде орналасқан. Менің ойымша, қазіргі індет кезінде, оқшаулау қажет болған кезде, құжат айналымы қарым-қатынасты азайтуға пайдасы өте зор. Менің жұмысымның артықшылығы - бағдарламаны енгізгеннен кейін нақты нәтиженің көзге көрінетіні қуантады. Бұрын бірнеше Департаментті бір базаға біріктіру, серверде қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта ол да жүзеге асты.

i8

Қуантатын жағдай, пайдаланушыларға қиындық туындаған жағдайда, мәселенің жедел шешілуіне ат салысқан сәт. Тек шешімнің дұрыс жолын таңдай білу. Бағдарлама-бұл кітап секілді, оқып, белгілі уақыт аралығында не болғанын түсіну қажет. Мұнда, мысалы, АСВ (айналым-сальдо ведомосі), ол бойынша жеткізушіні, шартты, соманы, сатып алынатын тауардың санын, сондай-ақ түскен, есептен шығарылған күнін білуге, шартты оқуға, жоспарлы сома мен санды тексеруге, жобаны қарауға және т.б. тек сен іздегеніңді немесе есепті дұрыс құрастыра білу керексің.

i9

Менің жұмысымда энергетика, бухгалтерлік есеп-қисапта, экономис және бағдарламашы бола білу керек, бұл білім сізге процестерді түсінуге және бағдарлама адамдар үшін жұмыс істеуі және біздің компания алға қойған мақсаттарға жетуге көмектесуі үшін бағдарламалық кодты дұрыс қоюға мүмкіндік береді.

Әрбір энергетик үшін білім маңызды. Менің институттағы бір оқытушым айтқандай, дұрыс жауап алу үшін сұрақты дұрыс қоя білу қажет.

 

Жұмыстан тыс

Бізде ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мұра бар. Бұл менің атам Жұмағали Сапаровтың естелігі. Ол соғысқа дейін банкте жүргізуші болған. Майданға танкист, Т34 жүргізушісі болып барды. Карп шайқасында олардың танкі оққа ұшты. Жарақаттанғанына қарамастан, командирді мен тағы бір жауынгерді жанып жатқан танктен шығарып алады. Ауруханадан кейін туған жеріне банкке есепші болып оралды. Ол өте адал адам болған, бірде бухгалтердің терезе алдында ұмытып кеткен көп ақшасын тауып алып, өзі ақшаны банкке қайтарған. Бұл жайында «Известия» газетінде жарияланған.

Сондықтан менің өмірдегі құндылықтарым-бұл отбасым, балаларым, денсаулық, достық, жұмыста өзін-өзі тану, еркіндік, тұрақтылық. Менің ұраным: кез-келген жағдайда көңілін түсірмеу, егер мұң шалса, бір іспен айналыс. Қазір жасайтын істі, ертеңге қалдырма.

Адам өзінен бастау керек. Егер әрқайсымыз қоқысты қоқысқа тастасақ, әрине қаламыз таза болады. Егер әрқайсымыз өмірде кем дегенде бір ағаш отырғызсақ, онда бұл орманға айналады. Егер бұл сіз үшін маңызды болса — сіз уақыт та, мүмкіндік те және жолды таба аласыз. Егер жоқ болса-сылтау (Сергей Есенин).

i10

Мен саяхатты ұнатамын, мүмкін, бұл менің Сапар деген тегімнен берілген шығар, қазақ тілінен аударғанда – саяхатшы дегенді білдіреді. Тіпті қазір де індет кезінде мен басқа елдерді қол жетімді интернет желісі арқылы тамашалап отырамын.

Гүлді өсіргенді ұнатамын. Үй терезелерінің алдында лимон жемістері, кофе, орхидеялар, азалия гүлдеп тұрады.

Сонымен қатар кітап оқығанды ұнатамын, біршама шағын кітапхана жинақтадым, тек көркем әдебиетті ғана емес, сонымен қатар есте сақтау мен зейінді дамыту туралы кітаптарды да оқимын. Әсіресе ғылыми фантастика, ғарыш туралы кітаптарды және ғылыми әдебиеттерді оқығанды ұнатамын. Жазушылардың бірі айтқандай фантастика-бұл болашақ. Менің сүйікті кітаптарым: Болат Жандарбековтың «Сақтар», Лев Толстойдың «Война и мир», Николай Задорновтың «Амур Батюшка».

Ирина Абдрахмановна мінсіз еңбегі үшін лайықты марапаттарға, әріптестерінің алдында құрметі ие. Алғыс хаттар, грамоталар, Құрмет тақтасы, ал 2020 жылы ол «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.