Өмір тынысы

 

Еңбек сіңірген Ардагер энергетик Айтқали Жақұтовтың портретіне штрихтар

 6

    

Мәскеу қаласында басылып шыққан, энергетиканың дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалар туралы энциклопедияның қомақты томында жерлесіміз А.Ж.Жақұтов та бар. Ол «Алма-Атаэнерго» жүйесінің қалыптасуының бастауында тұрған. Оның басшылық етуімен Алматы, Қапшағай қалаларында жылуландыру одан ары дами түсті, жүйеаралық «Алма-Ата-Фрунзе» ВЛ-220кВ, «Қапшағай ГЭСі-Талдықорған» ВЛ-220кВ» екінші тізбегі іске қосылды, Алматылық ГРЭС, Қапшағайлық ГЭС құрылысы аяқталды,1-ЖЭО қайта жаңартылды және Алматы 2-ЖЭО-ның бірінші кезегі пайдалануға берілді. Айтқали Жақұтұлы энергетикалық кәсіпорындардың апаттылығын төмендетуге ықпал ететін КСРО Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық инспекциясының Қазақстандық аймақтық органын басқарды.

      

Бірақ қысқа өмірде адамның тағдырын білу мүмкін емес. Көпшілік білмейтін қасиеттері де көп еді. Айтқали Жақұтовпен жарты ғасырлық достық қарым-қатынаста болған Кежек Бершенұлы Ысқақовтың әңгімесінен:

 5

    

- Білесіз бе, мен өмірімде ешқашан барлық нәрсеге мұндай мұқият, табандылықпен қарайтын адам кездестірмеппін. Сонымен қатар, өте қарапайым. Оған Алматы қаласының жылу желілерінің директоры лауазымын ұсынғанда, ол келіспес бұрын үш күн ойланды. Ал ол ӨТБ бастығы, бас инженер болған адам. Алты жылдан кейін оны «Алма-Атаэнерго» басқарушысы етіп тағайындағанда, мен құттықтап қалжыңдағаным бар: «енді мүмкін, министр бола аласың. Ол: «енді бола аламын»,-деп жауап берді. Ол шынымен үлкен көшбасшы болды. Мен оның жұмысына деген адалдығы мен жауапкершілігін, кәсіби құзыреттілігінің арқасында жалпыға ортақ құрметке ие болғанын атап өткім келеді.

     

Айтқали Жақұтовтың ерең еңбегі мен қоғамға қосқан үлесі үшін бес КСР медальдарымен, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен, «Энергетика және электрлендіру озаты» белгісімен және «КСРО Құрметті энергетигі» атағымен атап өтілген. Бірақ Айтқали Жақұтұлының 1973 жылғы шілде айында алған грамотасы ерекше.

«Алма-Атаэнерго» АЭБ басқарушы лауазымында алғашқы екі ай үлкен сынақпен басталды. Үлкен Алматы бойымен сел тасқыны Медеу бөгетінің бұзылуына қауіп төндірді. Егер бұл орын алса, қаланың бүкіл шығыс бөлігі суға кетер еді. Шұңқырдағы су деңгейін тез арада төмендету керек. Бөгеттің артында қара су деңгейі көтеріліп, қауіп ұлғая бастады. Жалғыз шешім, ол суды электр сорғыларымен сору. Бірақ қуатты сору сорғыларын іске қосу үшін электр қуаты қажет еді. Оны қамтамасыз етуді Айтқали Жақұтұлы өзіне міндет етті. Қосалқы станциядан бөгетке дейін электр беру желісін дереу жүргізу керек.

 1

 

 3

Қараңғыда, тек автомобильдердің жарығымен екі топ солдаттар сымдарды өздері арқалап сүйреледі. Адамдар күндіз-түні жұмыс істеп, уақытша қосалқы станциялар арқылы жылжымалы тіреулер орнатты. Айқали Жақұтұлы сол күндері үлкен диаметрлі құбырларды шөптің үстіне сүйреп апарып, соның үстіне ұйықтағанын есіне алатын. Екі - үш сағат демалып, қайтадан жұмысқа кірісетін.

 4

   

- Бөгет басында жүрген адамдар марапат, мақтаулар түгіл, уақыттың, ұйқының қамын, тіптен өзі туралы ойлауға мұршасы болмады, - деп айтатын Айтқали Жақұтов. - Ең басты мәселе, қаланы апаттан құтқару болды.

Медеудің селден қорғау бөгеті ауданында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын үйлесімді және жедел ұйымдастырғаны үшін Жақұтов Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің грамотасын алды.

Айтқали Жақұтовтың шәкірті, Энергетика ардагері Кенжемұрат Дүкенбаев өзінің тәлімгерінің құзыреттілік, табандылық, қарапайымдылық қасиеттеріне тамсанатынын атап өтті.

-Адам үмітсіздік танытпай, өз мақсатына қарай табанды түрде алға ұмтылу керек. Мен өз жұмысымда ешкімнің қолдауынсыз, өз еңбегіммен жетістікке жеткенімді мақтан етемін. Екі жасымда әкемнен, он бір жылдан кейін анамнан айрылдым. Болған қиындықтарға қарамастан өмірден түңілмей, барлық сынақтан абыроймен өту керек.

 2

Айтқали Жақұтовтың энергетка саласындағы жолын оның балалары жалғастыруда. Бұд оның ерең еңбегінің – жемісі деп білеміз. Халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласы – энергетика саласын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек еткен тұлға.