Алексей Ляцер 24 жыл бойы жұмыстан тыс аквариумға да қызығушылық танытады

«Менің алғашқы аквариумым 1997 жылы пайда болды, ол кезде 8 жасар қызымның өтінішімен алған болатынмын», - деп бөлісті Алексей Евгеньевич. - Бірінші аквариум тым үлкен емес, бары 50 литр болатын.Балықпен қызым айналысты, мен тек балық, балдырлар, компрессор, жем және т.б. қажеттіліктерін сатып әкелетінмін.Әдеттегідей, балалардың қызығушылығы біртіндеп ауысады ғой, сол кезде барлығы маған ауысты.

lucer-1

    

Бастапқыда, көптеген жаңадан бастаушылар секілді ерекше күтімді қажет етпейтін балықтар сатып алдым – гуппи, гурами, алтын балық демекші. Менде аквариумды күтіп ұстау жөнінде аз да болса тәжірибе болды, өйткені жұмыстағы кабинетте Айдос Иркитбайдың аквариумы болатын, оның құрметті демалысқа кетуімен барлық міндет маған жүктелді.

lucer-2

20 жылдан астам уақыт ішінде мен бірнеше аквариумдарды ауыстыруға тура келді, өйткені әйнектерде жарықтар пайда болды (кейде әйнек жарылып, еденнен балық жинағаным да болған). Уақыт өте келе балық өсіру туралы білім, тәжірибе пайда болды. Интернеттің дамуымен балық өсіру туралы әдебиеттер қол жетімді болды, сол себепті экзотикалық балықтарды сатып ала бастадым: шыны тетра, тернеция, аравана, тетрадон, үнді пышағы және т. б.

 

Бәрінен бұрын мен жергілікті фаунаның балықтары есімде қалды-бұл бекіре тұқымдас балықтардың бірнеше шабақтары мен қарапайым күміс мөңке. Расы керек, бекіре бірнеше ай ғана өмір сүрді (демалыс күндері жабық шеберханада оттегінің жетіспеушілігінен өліп қалды), бірақ мөңке 16 жылға жуық өмір сүрді.

 

lucer3

 

Қазір аквариумда жайынның бірнеше түрі бар (Басы жалпақ, үлкен, кеудесі қысқа, ұзын құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, арқа қанаты кішкентай, құйрық қанаты астыңғы-үстіңгі қалақшаға бөлінбеген, ал құйрық асты (аналь) қанаты өте ұзын келеді.) Аквариумда балықтан басқа Флорида шаяндары, тастар т.б қажеттіліктер бар.

Аквариумды күтіп ұстау көп уақытты қажет етпейді: таңертең 2-3 минут тамақтандыру, түскі уақытта компрессор сүзгісін тазарту – 5 минут, аптасына бір рет суды ішінара ауыстыру – шамамен 15 минут, бірақ осы аз уақыттың өзінде керемет энергия аласың.