«Алматы электр станциялары» АҚ жұмыскерлері 2021 жылғы 1 наурызда басталатын «Рazzzрядка!» атты экологиялық акцияға екінші мәрте қатысады.
- Жыл сайын қазіргі экологиялық проблемалар күшейе түсуде. Ғылыми-техникалық үдеріс те, адам өмірі секілді үнемі қозғалыста. Көптеген заманауи өнертабыстар автономды қуат көздерін-батареялар мен аккумуляторларды қажет етеді. Бірақ әр батареяның өз ресурсы бар және оны кәдеге жарату қажет. Бұл кіп-кішкентай нәрсенің қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсері қаншалықты едәуір екенін білмейтін адамдар да баршылық. Біздің акцияның мақсаты-жиналған батареяларды жинау және қайта өңдеуге жіберу. Бір батарея жүз жылдан астам уақыт бойы ыдырайды-Жер бетінде бұрын-соңды бірде-бір батарея ыдырамаған! Баршаңызды батарейка жинауға қатысуға және біздің қоғамның экологиялық игілігіне өз үлесімізді қосуға шақырамыз! - Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Арзюкова Зоя шақырды.
«АлЭС» АҚ-дағы экологиялық челлендж 2021 жылғы 1 наурыз бен 30 қараша аралығында өтеді.