Алматы 2-ЖЭО Айтқали Жақұтов есімімен аталды

 

8

        

Айтқали Жақұтұлы өзінің 42 жылдық еңбек жолында тек Алматы қаласының ғана емес, жалпы Қазақстанның энергия жүйесінің қалыптасуына өз үлесін қосты. КСРО-ның Құрметті энергетигі, Қазақ КСРО-ның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері Айтқали Жақұтовтың атын мәңгі есте қалдыру мақсатында «АлЭС» АҚ оған Алматы 2-ЖЭО-ның атын беру туралы бастама көтерді. «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы бастаманы қолдап, мақұлдады

Станцияның жаңа заңды атауы- А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО.

Айтқали Жақұтов 1931 жылы 15 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Калинин атындағы колхозда шаруа отбасында дүниеге келген. Ол отбасындағы ең кішісі болған. 1933 жылы екі жасында әкесі қайтыс болды. Бес баласымен ауыр жағдайда қалған анасы Әсия адалдықты, еңбексүйгіштікті, адамдарға құрметпен қарауды балаларының бойына сіңіріп, бақты. Ана қамқорлығының арқасында барлық балалар білім алды.

Айтқали Жақұтов тағдырдың қиын сынағынан өттіі: 13-ке әлі толмаған шағында анасынан жетім қалды. Өмірінің барлық қиындықтарына қарамастан, 1945 жылы Калининнің жеті жылдық мектебін үздік бітірді. Содан кейін колхозда жұмыс істеді. Нәтижесінде мектепті 19 жасында алтын медальмен бітірді. 1950 жылы үздік оқығаны және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін БЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен марапатталды.

 9

     

asd

       

Айтқали Жақұтов иектепті бітіргеннен кейін Мәскеу энергетикалық институтының жылу энергетикалық факультетіне «Жылу энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша оқуға түсті. Институтта оқып жүріп, бір стипендияға өмір сүруді үйренді. Қысқы демалыста балалар үйлеріне кетіп, жатақханада студенттер аз қалатын, сонда Айтқали Жақұтұлы үнемдеп жинаған ақшасына опера театрына баратын.

Айтқали Жақұтов өзінің еңбек жолын Алматы 1-ЖЭО-да бастады. 1956 жылдан 1961 жылға дейін бес жыл ішінде инженерден, орталықтандырылған жөндеу турбиналық цехының шеберіне, артынша станцияның кезекші инженеріне дейінгі сатылардан өтті. Содан кейін 1962 жылдан 1966 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, бас механик болып жұмыс істеді.

1966 жылдан бастап Алматы қаласының жылу желілері кәсіпорнының өндірістік техникалық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, ал 1967 жылы осы кәсіпорынның директоры болып тағайындалды.Оның тікелей басшылық етуімен 1970 жылы Алматы қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету көзіне қосу ісі аяқталды.

1973 жылы Айтқали Жақұтов «Алма-Атаэнерго» аудандық энергетикалық басқармасының басшысы болып тағайындалды. 1974 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР энергетика және электрлендіру министрлігі алқасының мүшесі болып бекітілді.

 7

1982 жылы Айтқали Жақұтов КСРО Минэнерго Электр станцияларын және желілерін пайдалану бойынша мемлекеттік инспекцияның Қазақстан аймақтық органының басшысы ретінде тағайындалды.Ол қызметтік жұмыстарын белсенді қоғамдық жұмыстармен ұштастырып отырған. 1967 жылдан 1985 жылға дейін ол Алма-Ата қалалық және облыстық Халық депутаттары Кеңесіне депутат, Қазақстан Коммунистік партиясы Алма-Ата облыстық комитетінің мүшесі, Энергетика және электртехникалық өнеркәсіпғылыми–техникалық қоғамының Алма-Ата облыстық басқармасының төрағасы, осы қоғамның Қазақ республикалық басқармасының мүшесі, Электр станциялары мен электротехникалық өнеркәсіп жұмысшылары кәсіподағының республикалық және облыстық комитеттерінің мүшесі болып сайланды.

6

  

45645     

1990 жылы Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері» құрметті атағы берілді.

- 2013 жылғы тамызда Айтқали Жақұтовтың Алматы өңірінің энергетикасын дамытуға қосқан ерен еңбегін, жемісті қызметін және жеке үлесін ескере отырып, «Алматы Электр Станциялары» АҚ 2-ЖЭО салтанатты түрде мемориалдық тақта орнатылды.

Біз 2-ЖЭО-ға Айтқали Жақұтовтың есімін бергенін мақтан тұтамыз. Оның тікелей қатысуымен Алматы 2-ЖЭО бірінші кезегінің құрылысы және пайдалануға берілуі жүзеге асырылды, - деді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.

2020 жылы А.Жақұтов атындағы Алматы 2-ЖЭО-ға 40 жыл толды. Бұл маңызды энергетикалық нысан Алматы қаласы мен Алматы өңірін энергиямен және жылумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.