Жилинков Олег Васильевичты зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты құрметті демалысқа шығарып салды

 

1614312712517 1

2021 жылдың 26 ақпанында 3-ЖЭО ұжымы Электр цехы өндірістік учаскесінің шебері Жилинков Олег Васильевичты зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты құрметті демалысқа шығарып салды. Оның 3-ЖЭО-дағы үздіксіз жұмыс өтілі 24 жылды құрады.

Олег Васильевич өзінің еңбек жолын 1980 жылы Алматы ГРЭС-інде (Қазіргі 3-ЖЭО) электр цехында байланыс электр монтері болып бастады. 1996 жылғы желтоқсанда қысқа үзілістен кейін электр станциясындағы еңбек жолын жалғастырды. Электротехникалық зертхананың электр монтері, релелік қорғау және автоматика инженері, 2003 жылдан бастап электротехникалық зертхананың өндірістік учаскесінің шебері болып жұмыс істеді. Олег Васильевичтің жетекшілігімен зертхана қызметкерлері жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмаларды тамаша сапада орындады. О.В.Жилинков үнемі өзінің кәсіби білімін жетілдіріп отырды, тәлімгерлік жұмыспен де белсене айналысты. Жұмыс барысында ол оннан астам тәжірибелі мамандарды дайындады.

Олег Васильевич 3-ЖЭО электр цехының ұжымында ерен еңбегі үшін құрметке ие. Жемісті және адал еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін 2020 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Құрмет грамотасымен марапатталды.

Олег Васильевич, Сізді құрметті демалысыңызбен құттықтаймыз, ынта-жігеріңіз таусылмасын! Ұрпағыңыз сіздің еңбекқорлығыңызды үлгі етіп, мақтан тұтсын!