Қазандық цехының аңызы

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Нұртаза Ысқақовты «Қазандық цехының аңызы» деп атайды

1K5A5303

Мен үшін үлгі тұтқан басты кейіпкерім әкем болатын. Ол бізге жақсы тәлім-тәрбие берді, мен сол тәрбиемді балаларыма беруге тырыстым. Әкем айтатын, ең бастысы – адалдық, жақындарыңды жақсы көру мен құрметтеу.  Бала кезімде ағам Бірлес Қаниұлы Алияров сияқты энергетик болуды армандайтынмын. Бұл - нағыз ғалым физик-энергетик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі, академик. Мен оның: «Жарық барлығына қажет, яғни мамандық әрдайым сұранысқа ие болады, энергетикаға бар»,- құнды кеңесін өмір бойы есімде қалды.

1K5A5387

Сөйтіп, мен дұрыс таңдау жасадым – энергетик болдым! Мен өз жұмысыма және ұжымыма ризамын. Мен станцияға келгенде, мені қатты таң қалдырғаны және есімде қалғаны, станцияның 12 метр тереңдігі. Алдымен қазандық цехының кезекші слесарі, содан кейін қазандық жабдығының машинисі, қазандық машинисі, қазандықтың аға машинисі болып жұмыс істедім. Соңғы 27 жыл бойы қазандық цехының ауысым бастығы болып жұмыс істедім.

.

1K5A5376

Менің алғашқы тәлімгерім Ахат Нихатович Календарев болды. Мен жұмысқа алғаш келгенде, ол маған қалай дұрыс жұмыс істеуді үйретті, ЖЭО-ның бүкіл жүйесі қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі айтып, көрсетті. Станциямен танысу шамамен үш айға созылды.

1K5A5340

      Әсіресе мені станцияда жаңа қазандықтардың іске қосылуы таң қалдырды. Екінші қазандық іске қосылған кезде мен станцияда жұмыс істеп жүргенмін. Бұл ауқымды, есте қаларлық оқиға болды. Мен үшін жас маман ретінде бұл таңқаларлық сәт болды.

Нұртаз Исмаилұлы туралы А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Басқарушы директоры Шанлакбаев Асхат Құрмашұлы әңгімелейді:

Нұртаза Исмаилұлы-менің ұстазым. Бұл ортақ іс үшін жанын беретін адам. Ол ешқашан өзінің «Вахта В» ұжымына шаң жолатпай, жаны ашып тұрады. Әр жұмысшысына қолдау көрсетіп, тірек бола алады. Соған қарамастан ол қатал және талапшыл басшы. Бұл қасиеті үшін оны бәрі құрметтейді.

Менде кезінде «Вахта В» ұжымынан бастап едім. Бұл есте қаларлық тамаша уақыт болды. Нұртаз Исмаилұлына бар жақсылықты, ең бастысы - денсаулық тілеймін!

1K5A5417     Станциядағы ұжым тату, ұйымшыл. Мен үшін ең бастысы- айқындық пен адалдық. Электр станциясы цехының ауысым бастығы ретіндегі менің міндетім - диспетчер берген кестені орындау. Күн ауысымды қабылдаудан, жабдықты айналып тексеріп өтуден және жүктемені көтеруден басталады. Бұл лауазым жауапты. Менің басты кәсіби арманым - станцияда жас ауысымды оқыту және дайындау. Оларға барлық жинақталған тәжірибені беру. Өйткені, станцияда жұмыс істейтін әрбір жас маман нормативтік-техникалық құжаттарды нақты білуі керек, шығармашылық ойлау қабілеті бар, өндірістік мәселелерді шешуде жауапкершілікті көрсетуі керек. Менің жұмыс тәжірибем үлкен болса да, мен үнемі кәсіби деңгейімді арттырамын, жаңалықтарды қадағалап, зерттеймін, оларды практикада қолданамын.

Нұртаз Исмаилұлы туралы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Басқарушы директоры Сырғабаев Исахан Ақтанұлы әңгімелейді:

Нұртаза Исмаилұлы-бірнеше энергетиктің тәлімгері, мағанда  ол кісімен бір вахтада жұмыс істеу бақыты бұйырды. Ол маған көп нәрсені үйретті, әрі мені әкімшілік жұмысқа да ұсынған сол өзі. Яғни, менің кәсіби тұрғыда өсуіме түрткі болды. Бүгінгі күні ол менің досым. Мен оның отбасын Сұңқар, Мақсат есімді тамаша ұлдары мен сұлу қызы Анарды жақсы білемін. Олардың әрқайсысы осы өмірде өз орнын тапты. Әке ретінде ол парасатты, дана, әрі  керемет ата.

Нұртаз Исмаилұлына шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

1K5A5391

Бос уақытымда кітап көп оқимын, солардың бірі «Абай жолы», «Моңғол шапқыншылығы», «Қатыгез ғасыр». Әсіресе тарихи кітаптарды ұнатамын. Бірақ менің өмірімдегі ең жақсы және маңызды сыйлық – немерелерім. Алты немерем бар. Олармен бірге өткізген сәт - мен үшін бақыт.