«АлЭС» АҚ халықаралық ISO стандарттарының талаптарына сәйкестігін растады

Халықаралық ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018 стандарттары бойынша сертификаттардың қолданылу мерзімі 2022 жылға дейін ұзартылды.

МБЖ екінші қадағалау аудитін 2021 жылғы 9-10 ақпан аралығында «TUV NORD» халықаралық сертификаттау органының аудиторлары жүргізді.

Аудит шеңберінде халықаралық стандарттардың барлық талаптарының орындалуы тексерілді, сәйкессіздіктер анықталған жоқ, жақсартуға әлеует анықталды, МБЖ тәуекелдерін талдауға жақсы тәсілдер атап өтілді.