Алматы 1-ЖЭО-ға Қазақстанның энергетика ардагері Бірлік Оразбаевтың есімі берілді

2021 жылғы 4 ақпанда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы қаласының жұртшылығымен кодекс нормалары бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қаладағы атмосфералық ауа сапасы өзекті мәселе болып табылады.

1

- Алматы қаласы бірнеше жылдан бері Республиканың ең лас қалалар тізіміне енген. Ластану жылу көздерінің шығарындыларымен байланысты, бұл дегеніміз 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО, жеке тұрғын үйлер және автомобиль жолдарындағы көлік санының едәуір өсуі. Осыған орай, 2020 жылғы тамызда Үкімет қаланың экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасын бекітті, - деп атап өтті министр.

Жаңа Экокодекстің негізгі бағыттары ең озық қолжетімді технологияларға көшу, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру болып табылады.

Кеңесте «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов сөз сөйледі.

2

-        ---   «АлЭС» АҚ - энергия өндіруші ұйым, оның құрамында үш ЖЭО, Батыс жылу кешені, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС және Каскад ГЭС. Компания «АлЭС» АҚ энергия көздерінде қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді. 2010-2020 жылдары 28,6 млрд. теңге сомасына негізгі табиғат қорғау жобалары орындалды. Біз күл ұстайтын қондырғыларды қайта құрдық, азот басатын жанарғы құрылғыларын орнаттық, үш ЖЭО-ға күл үйіндісін жобаладық және салдық, ЖЭО күл үйінділеріне шаң баспа орнаттық, күл үйінділерінің аумағында көгалдар мен жасыл желектер отырғыздық және т.б. ауқымды іс-шаралардың бірі 2017 жылы 1-ЖЭО-ны табиғи газды жағуға 100% көшіру болды. Осы іс - шараларды енгізу «АлЭС» АҚ энергия көздеріндегі зиянды заттардың шығарындыларын 68 мың тоннадан 51 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, - деді компания басшысы. - Қазіргі уақытта А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ны газға ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. 2020 жылғы 20 қазанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы 2-ЖЭО жаңғырту нұсқасы бойынша шешім қабылданды, жұмыс істеп тұрған энергетикалық қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы 2-ЖЭО-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды. Бүгінгі таңда ТЭН «Мемсараптама» РМК-да ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілуде.

- 2-ЖЭО-ны қайта құру қолданыстағы қазандық агрегаттарында табиғи газды жағу шығарындыларын 83% - ға төмендетуге мүмкіндік береді, сол жағдайда күкірт диоксиді, күл шаңы сияқты басым улы заттар мүлдем жоғалады. Алматы облысында орналасқан         3-ЖЭО бойынша осындай шешімдер қажет екенін атап өткім келеді, себебі оның шығарындылары Алматының ауа бассейніне 8% - ға әсер етеді», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

3

Кеңесте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Air Vision» қоры, Табиғат экоқоры, «ECOJER» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар Қауымдастығы» ЗТБ экология саласында ұзақ мерзімді серіктестік орнату бойынша меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде қаланың экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шаралардың тиімді іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету жоспарлануда.

4

Кеңестен кейін оның қатысушыларына 2-ЖЭО бойынша экскурсия жүргізді.

5