Сенімділік пен сабырлықты серік еткен көшбасшы

Владимир Иванович Бычков еңбек сіңірген энергетик Оразбаев Бірлік Есіркепов туралы естеліктерімен бөлісті. Бірлік Есіркепұлы 3 ақпанда 73 жасқа толар еді...


 2-ЖЭО-ге алғаш келуі

Біз 80-жылдардың соңында қайта құру, жариялылық деген сияқты жаңа сөздер енгізілді. 2-АЖЭО-дегі жағдай, сол кездегі тура мемлекеттің жағдайындай болды. Уақытында жалақы берілмеді. Станция басшылығы өз іс-әрекеттерінде келіспеушіліктер танытты. Бас инженер қазандықты қыздыруға дайындауға және оны жұмысқа қосуға бұйрық берсе, директор оның командасынан бас тартып, қазандықты жылытуға тыйым салатын. Мұндай жағдай станция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысына ықпал етпеді.

Сол себептен, ұжым болып кәсіпорындағы тәртіпті сақтау үшін бірінші басшыны таңдау құқығын пайдалануға шешім қабылдады.

Партия ұйымы мен кәсіподақ комитетінің бірлескен шешімімен В.В.Палатовтың төрағалық етуімен директорды сайлау жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия өз жұмысында сол кездегі барлық нормативтік құжаттарға сүйенді. Сайлау өткізу бойынша регламент, нұсқаулық шығарылды. Директор лауазымына үміткерлерді ұсыну басталды. Үміткерлердің қабілеттерін объективті бағалау үшін рекрутингтік агенттікпен үміткерлердің дайындығын бағалау бойынша шарт жасалды.

Комиссия әр кандидатқа мінездеме жинады. Әрине, бәрі түсінді, лайықты басшы болу үшін басшының білімі мен тәжірибесі қажет. Қараушы болып жұмыс істейтін адам бүгінде толыққанды көшбасшы бола алмайды.

Қорытынды жиналыста біз үміткерлерге барлық сипаттамаларды алдық. Айта кету керек, жалдау агенттігі өз жұмысында кандидаттарды объективті бағалаудың заманауи әдістерін қолданды. Әр үміткер бойынша бірнеше тестілеу өткізілді. Әрқайсысына екі жүзге дейін сұрақ қойылды. Әр үміткердің ең жасырын психофизиологиялық қабілеттері анықталды. Тестілеу қорытындысы бойынша директор лауазымына ең жақсы даярланған және қабілетті үміткер ретінде Б.Е.Оразбаев анықталды. Рекрутингтік агенттік жұмысының қорытындылары ұсынылды.

Оразбаев Бірлік Есіркепұлы 1948 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер жылу энергетик мамандығы бойынша бітірген.

Б.Е.Оразбаев еңбек жолын Алматы 1-ЖЭО-де қарапайым машинист болып бастады

және кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтіп аға машинист, инженер, ӨТБ бастығының орынбасары, ӨТБ бастығы, бас инженердің орынбасары, 1-ЖЭО бас инженері болып тағайындалды.

Нәтижесінде Б.Е.Оразбаев 2-ЖЭО директоры болып сайланады және алдағы уақытта ұжым осы шешімнің дұрыс болғанына көздері анық жетті.

 

Оразбаевтың шәкірттері

Алматы 2-ЖЭО іске қосу операцияларын жүргізу және одан әрі пайдалану үшін бүкіл Кеңес Одағының мамандары шақырылды. Түркіменстан мен Қырғызстаннан, Ресей Федерациясынан және бүкіл Қазақстаннан келді. Мамандар жоғары білікті болды, бірақ 80-жылдардың соңына дейін бірде-бір ұжым құрылмаған болатын. Б.Е.Оразбаевтың келуімен бірыңғай команда құру бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бірлік Есеркепұлы жауапты, дербес басшыларды тәрбиелеу бойынша бірегей қабілеттерге ие болды. Оның ең жоғары талабы бағыныштыларға үлкен құрметпен қарау. Тапсырма бере отырып, ол орындау мерзімін және Орындаушыға қандай көмек қажет екенін атауды сұрайтын. Оның ерекше қасиеті — бағынышты жұмысшыларына кедергі келтірмеу. Ұсақ-түйек, түкке тұрғысыз мәселе бойынша ешқашан мазаңды алып немесе жұмыстан алаңдатпайтын. Бірақ жұмыстың орындау мерзімі келгенде, тапсырма бойынша жан-жақты, егжей-тегжейлі есеп беруді талап етеді. Есепті көптеген жылдар бойы бірге оқыған, бірге жұмыс істейтін әріптестерінің қатысуымен қабылдайтын.

Б.Е. Оразбаев өтірікті жаны сүймейтін, шыншыл адам болатын. Ол ондай адамдарды өзінен аулақ ұстайтын.

Бірлік Есіркепұлы басшының қандай қасиеттерге ие болу керектігін, өзінің жеке үлгісінде көрсетті. Әрқашан сабырлы, байсалды жан болатын. Ақырын дауыспен сөйлейтін. Оның келбетінің өзі сенімділік пен сабырлықтың айнасы. 1-ЖЭО-да көп жыл жұмыс істеп, аралаушыдан станция басшыларының біріне дейін көтеріліп, ол технология мен ұжымдағы қарым-қатынасты жақсы білді.

Команданы қалыптастырудың тағы бір әдісі - барлық мәселелерді шешудің жүйелі тәсілі болды. Бір мысал. 2-ЖЭО-де жатақхана бар, қоныстану кезінде үнемі қақтығыстар болды. Орынның жетіспеушілігі немесе әділетсіз бөлгенге ренжіген адамдар көп болатын. Орындарды бөлу кезінде әділеттілік орнату мақсатында «Жатақхана бөлмелерін алу туралы ереже» шығарылды. Барлық мүмкін критерийлер осы құжатқа енгізілді. Содан кейін ол кәсіподақ комитетінің кеңейтілген отырысында бекітілді. Осыған орай, жұмыскерлерге жатақханадан орын алуға үміткерлердің ішінен бірінші кезекте қандай себептерге сүйенетіні түсінікті болды.

Отын-көлік және қазандық цехтарындағы көпжылдық проблемалар да осындай тәсілмен шешілді. Б. Е. Оразбаев келгеннен кейін 2-3 жыл өткен соң станция тұрақты түрде жұмысын атқара бастады.

Ал станция мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары болып А.Н.Календарев, Г.С.Жаңбыршы, Т.Садвокасов, А.Жакев, Н.Т.Мұхамед-Рахимов, С.С.Тютебаев, Б.Шоланбаев тағайындалды, осы азаматтармен қатар көптеген жұмысшылар Б.Е.Оразбаевты ұстазы ретінде қадірлейді.

Ал бұл азаматтарды «Алматыэнерго» кадр бөлімінің бастығы Ю.А.Мирсанов «Оразбаевтің шәкірттері» деп атап кетті. «Алматыэнерго» басшылығы                        Б.Е.Оразбаевқа қызыға қарайтын.                Көп жылдар ішінде алғаш рет ұжым болып 2-ЖЭО директорын сайлау негіз болды. Ұжымның бірлесе қабылдаған бұл шешімін «Алматыэнерго» Бас директоры бекітті.

Б.Е.Оразбаев одан әрі өзінің мансап сатысымен жоғары көтерілді.

Көп жылдар бойы Бірлік Есіркепұлы басшылық қызметте болды, айта кетсек, «Қазақстанэнерго» ГЭК президенті, «КЕГОК» АҚ вице-президенті, «ҚМГ-Энерго» АҚ Бас директорының орынбасары, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 1997-2000 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды, ал 2007 ж. - Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, 2007 жылдың желтоқсанынан 2009 жылға дейін «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма төрағасы лауазымын атқарды.

Б. Е. Оразбаев ғылыми қызметпен де айналысты, 2007 жылы докторлық дисертациясын қорғап, РФ өндірістік эколоия академиясының академигі бола тұра, 20-дан астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдар жазды.

Б. Е.Оразбаев жоғары лауазымдарға ие бола тұра, әрқашан жастарға, олардың энергетика кәсіпорындарында жас маман ретінде кәсіби тұрғыда шыңдалуына ерекше назар аударып, ықпалын тигізді. Қызметкерлердің тұрғын үймен, балабақшамен қамтамасыз ету және т.б. әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысты.

Ол көптеген жас мамандар үшін Ұстаз болып қала береді. Ол кісіге кез-келген уақытта, әртүрлі мәселелер бойынша, өндіріске, жеке басына қатысты болсын кеңес алуға болатын. Әрі үнемі құнды жауап қайтаратын. Өз тарапынан, Бірлік Есіркепұлы Алматы 2-ЖЭО-да жұмыс істеген жылдарын өзінің кәсіби мансабындағы ең үздік жыл деп еске алады.

Өзінің жоғары кәсібилігі және дамуына қосқан елеулі үлесі үшін

энергетика саласында Б.Е.Оразбаев ҚР ЭМРМ, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, Алматы қаласының әкімінің Құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталды, «ТМД еңбек сіңірген энергетигі», «Қазақстан еңбек сіңірген энергетигі» атты жоғары атақтарына ие болды.