«АлЭС» АҚ алғыс хаттармен марапатталды

2020 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз-2020» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсқа қатысты.

- Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады. Біздің компания «Парыз-2015» байқауының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша жүлдегері екенін», - атап өтті «АлЭС» АҚ кәсіподақ төрағасы Валерий Ситдиков.

«Парыз 2020» конкурсына қатысу нәтижелері бойынша «Алматы электр станциялары» АҚ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

2019-2022 жылдардағы қолданыстағы ұжымдық шарт (бұл компания қызметі басталғаннан бергі жаңа редакциядағы алтыншы Ұжымдық шарт) «АлЭС» АҚ еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау жөніндегі лайықты әлеуметтік пакетті қамтиды.