«Recycle It!» (Қайта өңде!)

«АлЭС» АҚ экологиялық акцияның қорытындысын шығарды

Бұл іс-шараның мақсаты-планетамыздың табиғи ресурстарын сақтау және жауапты тұтыну, қалдықтарды бөлек жинау принциптерін ілгерілету.

- Акция туралы 2020 жылғы 30 қазанда жарияланды, «АлЭС» АҚ-ның барлық бөлімшелері осы идеяны зор ынтамен қолдады және батареяларды жинау процесіне белсенді түрде қосылды. Жалпы батареяалардың жиналған саны 24,402 кг құрады, 3-ЖЭО -8,900 кг жинап рекордшы болды, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – 2,236 кг, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО – 0,931 кг, Каскад ГЭС – 3,500 кг, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС – 3,400 кг, БЖК – 0,790 кг, Бас кеңсе - 4,645 кг тапсырылды, - деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Зоя Арзюкова.

- Қазіргі таңда батареялар мен аккумуляторлар күнделікті өмірде өте қажет. Үйдегі пайдаланылған батареяларды қайда жинау керек? - деген сұрақ туындады. Батареяларды тұрмыстық қоқысқа лақтырудың салдары ауыр болуы мүмкін, сол себептен міндетті түрде кәдеге жаратуға тапсыру керек. Барлық бөлімдер мен басқармалар батареяларды тапсыру үшін Бас кеңсеге әкеліп жинады, міне сонда байқағанымыз, бұл да оңай шаруа емес екен. Біз қоршаған ортаны қорғауға және әлемді таза етуге біршімі үлесімізді қостық, - деп өз пікірін білдірді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Елена Сильвестрова.

Бір саусақ батареяның өзі 20 м2 жер көлемінің топырағын және 400 литр суды ластайды, уақыт өте 20-30 жылдан кейін үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Химиялық құрам топыраққа және жер асты суларына, сол жерден су объектілері мен өсімдіктерге енеді. Сонымен, ауыр металдар суға, көкөністер мен жемістерге, етке, сүтке түсіп, қорқынышты ауруларды тудырады. Өз денсаулығыңызға кері әсерін тигізбеу үшін пайдаланылған батареяларды қабылдау орындарына тапсыру қажет.

Батареялар қауіпті тұрмыстық қалдықтар тізіміне кіреді, себебі құрамында ауыр металдар бар: мырыш, сынап, кадмий, марганец, никель, қорғасын.

- Біз бәріміз Жер ғаламшарында өмір сүреміз, оның жап-жасыл сұлулығы, жасыл өсімдіктері үшін «Көгілдір планета» немесе «Жасыл ғаламшар» деп атаймыз, - деп жалғастырды Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Рамиль Галиев. Барлық тірі организмдердің өмірі және біздің өміріміз, қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Бүгінде мұны Жер ғаламшарының әрбір тұрғыны жақсы түсінеді. Бірақ, өкінішке орай, жыл сайын экологиялық мәселелердің көбейіп келе жатқанын білеміз. Біз дүкенде сапалы, экологиялық таза өнімдерді таңдауға тырысамыз, таза ауада серуендеп, экологиялық таза жерлерде үйлер саламыз. Өкінішке орай, біздің техногендік өркениетіміз қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп жатыр. Адам неғұрлым көбейген сайын, тұтыну деңгейі де соғұрлым ұлғаюда.