«Қашықтықта жұмыс жасау»

Көптеген ұйымдар үшін қашықтықтан жұмыс жаңа және мәжбүрлі бағытқа айналды. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында оған қалай бейімделді? 3-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы Галина Горбовская өз тәжірибесімен бөлісті.

- Сіздің компанияңыз карантинді қалай қабылдады? Компания персоналды қашықтықтан жұмыс форматына жедел ауыстыруға дайын болды ма? Өйткені, коронавирус жұқпасы туралы мәлімет қыста жарияланғанын білеміз

– Біз неше түрлі болжамдар жасадық. Жыл сайын суық мезгілде көптеген қызметкерлер тұмау мен ЖРВИ-мен ауырады. Бірақ бұл қыс тек 3-ЖЭО ғана емес, жалпы әлемнің әдеттегі өмірін өзгерткен басқа бір нәрсенің бар екенін көрсетті. Қызметкерлердің өмірімі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлген біздің компанияға алғысымды білдіргім келеді. Станциядағы бірде-бір қазандық, бірде-бір турбина өздігінен жұмыс істей алмайды, сондықтан барлық күш қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жұмсалды. Компания басшылығы ең алдымен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды басты мақсатқа қойды. HR-қызмет мамандарының жұмыстары көбейе түсті. Төтенше жағдай жарияланып, қала жабылғаннан кейінгі алғашқы күндері біз қандай адами ресурстарға ие екенімізді түсінуіміз керек еді, өйткені біздің көптеген қызметкерлеріміз облыс тұрғындары. Компания қызметкерлері туралы көптеген қажетті ақпараттар жинай бастадық. Біз бұрын-соңды мұндай жағдайда болмағасын, бірақ соған қарамастан, тез шешім қабылдап, туындаған проблемалық мәселелерді реттеу қажет болды.

Бастапқы кезде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

– Адамдардың жүріп-тұруы, сондай-ақ көлік құралдарының Алматы мен облысқа кіруі/шығуы бойынша шектеу шаралары енгізілетіні туралы хабардар болып, біз үздіксіз өндірістік циклды және компанияның көп бөлігін жедел персонал құрайтынын ескере отырып, шұғыл түрде тұрғылықты жерін өзгерте алатын қызметкерлердің санын анықтадық: облысқа немесе керісінше қалаға көшу. Барлық әлеуметтік мәселелерді шешумен «АлЭС» АҚ компаниясы мен кәсіподақ ұйымы айналысты. Компания уақытша омекен-жайын ауыстыруға мәжбүр болған қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алу құнын өтеді. Сондай-ақ, санитарлық нормалардың енгізілуіне байланысты біз қызметкерлерді тасымалдауға арналған көлік санын көбейттік. Компанияның барлық қызметкерлері жеке қорғаныс және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілді. Тәуекел аймағына кіретін қызметкерлерді біз жыл сайынғы еңбек демалысына,  жалақысының 50%-н  өтейтін -бос тұрып қалуға жіберуге шештік.

Сіздің компанияңыз қызметкерлерді компьютерлермен, бағдарламалық жасақтамамен, ақпаратты қорғау құралдарымен және интернетке қол жетімділікпен қамтамасыз етті ме?

– Әрине, қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің барлығы компьютерлермен, принтерлермен қамтамасыз етілді, олар үшін корпоративтік бағдарламалық өнімдерге қашықтан қол жеткізу ұйымдастырылды.

 

– Қандай бағыттағы мамандар онлайн форматты оңай игерді?

 – Қашықтықтан жұмыс форматына үйден өндіріске зиян келтірместен жұмыс істей алатындар – экономистер, бухгалтерлер, кейбір өндірістік қызметкерлер көшті, бірақ 3-ЖЭО-де мұндай жұмысшылар аз. Станцияның әрбір қызметкері, оның атқаратын жұмысы Алматы мен Алматы өңірінің жылу және электрмен қамтамасыз етілуі байланысты екенін түсінеді. 

– Компания қызметкерлерге психологиялық түрде көмек көрсетті ме? Өйткені, әлеуметтік оқшаулау тоқырау мен мазасыздықтың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

– Менің ойымша, иә. Компания қызметкерлерді ақпаратпен қамтамасыз көп көңіл бөлді. Компанияның іс-қимыл алгоритміне сай, қызметкерлерді үнемі хабардар ету жүргізілді. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары күн сайын өз қызметкерлерінің жағдайы туралы ақпарат ала отырып, оны кадрлық бөлімшелерге, Бас кеңсенің адам ресурстарын басқару басқармасына жіберіліп отырды. Қызметкерлердің қала мен облыс бойынша жүріп-тұруы үшін қатаң карантин кезеңінде, біз оларды жұмыс орнынан тиісті анықтамалармен қамтамасыз етіп, кейін біздің қызметкерлер бойынша деректерді жалпықалалық деректер базасына енгіздік.

Компания қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс сапасына бақылау жүргізе ме? Егер солай болса, қалай? Осы мәселе бойынша өз пікіріңізбен бөліссеңіз – бұл қазіргі жағдайда қаншалықты маңызды.

– Өндірісте жұмыс істей отырып, әр қызметкер өз еңбегі үшін жауапкершілік алады. Энергетиктер-ерекше адамдар! Сондықтан, арнайы тексеру қажет емес деп ойлаймын. Барлық басшылар күн сайын өзіне бағынышты қызметкерлердің қандай режимде жұмыс істесе де, атқарылған жұмыс туралы есептер алып отырды.

Компания жұмыс процестерін ұйымдастыру туралы көзқарастарды қайта қарады ма? Мүмкін, бірқатар қызметкерлердің өнімділігі артып, карантин жойылғаннан кейін де олар қашықтан жұмыс істейді деген шешім қабылданған шығар?

– Қашықтықтан жұмыс істейтін көптеген қызметкерлер кеңсеге оралуын сұраушылар да бар екенін мойындау керек, өйткені үйден жұмыс істеудің де өзінше қиыншылықтары бар. Олардың айтуынша, кеңседе алаңдататын факторлар жоқ-бала-шаға, тұрмыс, интернеттің әлсіздігі және т.б., себебі ойың бөлініп, жұмысқа толығымен берілу мүмкін емес. Сонымен қатар, көптеген процестер бөлімшелердің басқа өкілдерінің қатысуын талап етеді және жеке сөйлесу кезінде connect құру оңайырақ. Менің ойымша, тікелей қарым-қатынас жұмыстың нәтижелі болуына ықпалы зор. Жүз рет естігеннен гөрі, бір рет көрген дұрыс деп бекерден-бекер айтылмаған. Біздің жұмысымыз адамдармен байланысты және біз басқалардың көңіл-күйін сезінуге, компанияда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін уақтылы шешім қабылдауға дағдыланғанбыз. Әрине, біз өмірдің бұрынғы ырғағына, қол алысып, дөңгелек үстелдегі әңгіме, пікір-талас өткізуге қайта оралғымыз келеді.

Карантин кезінде қызметкерлер қандай пайдалы дағдыларға ие болды деп ойлайсыз? Және оның жұмыс барысында көмегі бар ма?

- Әрине, карантин енгізілгеннен кейін тез шешім қабылдау дағдыларын, икемділікті, ақпарат беру жылдамдығын дамытуға, жаңа гаджеттерді игеруге тура келді, өйткені қызметкерлердің көпшілігі мектеп жасындағы балалары бар ата – аналар. Оқу онлайн режиміне ауысқандықтан, ата-аналар баласына көмек көрсете алды және керісінше. Алынған тәжірибе біздің қызметкерлерге пайдалы болады деп үміттенемін. Әлем бір орында тұрмайды және қазіргі замануи байланыс құралдарынсыз өмір сүру мүмкін емес.

 - Қызметкерлер қашықтықтан жұмыс форматына ауысқан кезде, компанияға келген пайда?

– Ең алдымен, бұл денсаулық қауіпсіздігі, КВЖ ауруынан сақтану шарасы. Егер мәселенің қаржылық жағына тоқталсақ, қоғамдық көлік қозғалысының шектелуіне байланысты біз персоналды тасымалдауға арналған бюджетті ұлғайтуға мәжбүр болдық.

Біздің өндірістің ерекшелігін ескерсек, міндетті оқыту қарастырылған, оны белгіленген мерзімде жүргізу қажет. Сондықтан біз қашықтықтан оқыту әдісін игеруге тура келді, бұл әдісті болашақта да қолдануды жоспарлап отырмыз.

Источник: SK News, № 13-14 (147-148), 30 июля 2020, с.24-29 (қысқартылған нұсқада). https://sknews.kz/storage/newspaper_item/1/3/2/2/1/538/1a03847c5a407e94.pdf