2021 жылғы Құрмет тақтасы

Кәсіби мереке, Энергетик күні қарсаңында «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасының салтанатты ашылуы өтті. Құрмет тақтасында компанияның үздік тоғыз қызметкері ұсынылған.

«АлЭС» АҚ-да үлгі тұтарлық, жоғары білікті мамандар командасы жұмыс істейтіні қуантады. Өздерінің мақсатқа ұмтылушылық, жауапкершілік және өз ісіне шынайы берілген қасиеттерінің арқасында компанияның дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосып, еңбек жолын жалғастыруда.

 

Горбовская Галина Владимировна, 3-ЖЭО кадр бөлімінің бастығы

Кез-келген мамандық адамнан өз ісін сүю, табандылық пен білімді талап етеді. Тек осы білімнің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуі әулетті құрады. Әулеттер - өз кәсібіне құмар отбасыларда пайда болады. Бала кезімде анамның үйге қандай да бір қағаздар, есеп-қисаптар, шоттар, кейін калькулятор әкелгенін көретінмін. Ия, ол 3-ЖЭО-да бухгалтер қызметін атқарды. 1992 жылы мектепті бітіргеннен кейін, анамның талабы бойынша менде бухгалтерлік мамандығын таңдадым. 90-шы жылдары бұл мамандық сұранысқа ие болды. 3-ЖЭО-ға мен 1993 жылы бухгалтер болып жұмысқа орналастым. Өндірістен қол үзбей, жұмыс орнымда сырттай техникум бітіріп алдым. Осы кезеңде 3-ЖЭО бухгалтериясында өз ісінің мамандары жұмыс істеді: Н.В.Кандаурова, Р.Н.Горохотова, Л.В.Пичугина, Л.В.Кудиярова, Е.В.Серкина, осы кісілердің арқасында мен бухгалтер жұмысының негіздерін игерген шығармын.

1998 жылы Бас кеңсеге ауыстырылдым, міне сонда үлкен жұмыс тәжірибесін алдым. Бухгалтерлік есептің барлық дерлік бөлімдерін игердім. Бас кеңс бухгалтериясы-бұл кәсіби, тату ұйымшыл ұжым. Жас мамандарға тәжірибелі тәлімгерлер көмектеседі. Маған берген білімдеріңіз үшін А.П.Лузан, О.Д.Гельд, И.Г.Овчинниковаларға алғысымды білдіргім келеді.Қысқа үзілістен кейін, 2007 жылы жұмысқа қайта оралып, 3-ЖЭО-ға экономикалық бөлімнің экономисі болып ауыстым. 2009 жылдан бастап кадрлар бөлімінің бастығы қызметін атқарамын. Әрине, мұнда да тәжірибелі тәлімгерлердің көмегінсіз болған жоқ (Р.С.Турегельдинова, Д.Т.Шайжанова, О.М.Рысева, Г.К.Сағадиева). Осы кісілердің барлығына маған сеніп, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді.

Міне, қазір мен өз орнымдамын деп айта аламын. Күнделікті адамдармен жұмыс жасай отырып, оларды тыңдай отырып жұмысқа деген қабілеті корпоративтік рухы мен көңіл-күйімен байланысты екенін түсінесің!!!

Құрметті әріптестер, сіздерді Энергетик күнімен және жаңа 2021 жылмен құттықтаймын! Барлық энергетиктерге шын жүректен әрбір атқан таңыңыз атқарып отырған игі еңбегіңізге шынайы ризашылықпен қуаныш әкелсін!

Барлық энергетиктерге апатсыз жұмыс, отбастарыңызға амандық, ағайын-туыстарыңызға денсаулық тілеймін!

           

 

Жамбаев Керім Қанатұлы, 1-ЖЭО жылу автоматика және өлшеулер цехы бастығының орынбасары

1968 жылы 31 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірген. Өзінің еңбек жолын «АлЭС» АҚ 2011 жылы «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЭЖЖЦ жылу автоматикасын жөндеу учаскесінде электр станцияның автоматикасын және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 5-разрядты электр слесарі болып бастады.

2003 жылы 1-ЖЭО-ге жылу автоматикасы және өлшеулер цехының өндірістік учаскесінің шебері болып ауысты. 2017 жылы өзінің еңбекқорлығы, коммуникабельділігі және жауапкершілігі арқасында жылу автоматикасы және өлшеулер цехы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Энергетикалық жүйеде жұмыс істеген барлық уақыт ішінде менің мамандық таңдағаныма өкінетін бір де бір сәт болған жоқ, - дейді Керім Қанатұлы.

Мен бос уақытымды отбасыммен бірге өткіземін. Салауатты, белсенді өмір салтын ұстанамын, спорпен айналысамын. Мен екі тамаша ұл тәрбиелеп отырмын. Олардың үлкені, менің ізіммен энергетика саласына барып, 1-ЖЭО өндірістік департаментінде ЖАжӨЦ электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4-разрядты электр слесарі болып жұмыс істейді. Өз білімім мен тәжірибеммен бөлісіп, оны әрі жалғастыратын ізбасарларымның барын мақтан етемін.


Ким Елена Гариковна, 2-ЖЭО баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының химиялық зертхана бастығы

Энергетикада әрқашан ерекше адамдар жұмыс істейді: еңбек міндеттерін орындау барысында өте жауапты және өз жұмысының нәтижелеріне шын ниетімен жаны ашып, өзінің барлық күштері мен дағдыларын салуға дайын.

Барлық ғылымдардан маған химия жақын, әрі оңай, сол себептен суды химиялық тазарту және химиялық талдау жасау, өте маңызды мәні бар жұмыс тапқаныма қуаныштымын.

Энергетикада мен 19 жыл қызмет етудемін. 2018 жылдан бастап 2-ЖЭО-да жұмыс істеймін. Бірақ «АлЭС» АҚ-да жұмыс істеуге жасалған ерекше жағдайларды байқадым. Дәл осындай жұмыс деңгейін ұйымдастыру кезінде біздің департаменттеріміздің барлық қызметкерлері, атап айтқанда 2-ЖЭО ұжымы бір жұмылдырықтай жұмылып, ауызбіршілікте қызмет атқарады. Персоналмен жұмыс өте сапалы қойылған: адам мен қызметкердің барлық әлеуетін толық ашуға ықпал ететін дайындық, тұрақты оқыту, біліктілікті арттыру курстары бар. 2-ЖЭО-да жұмыс істей отырып, қызметкерлерге өзінің жақсы қасиеттерін көрсетуге, химиялық талдаудың жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік беріледі, неғұрлым жетілдірілген құрылғылар сатып алынып, толық сеніммен қолдау көрсетіледі. Менің бірінші кезектегі міндетім - зертхананы жоғары деңгейде ұстау, ал ең бастысы - зертхананың жас буынын оқыту мен даярлау. Мен олармен өз біліміммен бөлісіп, энергетик - химик сияқты ойлау қабілетін дамытуға, ғылымды, өз кәсіпорынын сүюге және қаланы жылу және электр қуатымен қамтамасыз етудегі игі істерді атқаруға ат салысамын.

 

Рушанов Меңдіғали Сағантайұлы, Қапшағай ГЭС электр машина цехының бастығы

Мен бала кезімнен жабдықтар мен білімге қызығушылық таныттым, ал электр энергетикасында бұл екеуі мен үшін тікелей байланысты болды. Арман жетегінде еңбек жолымды 2006 жылы Қапшағай ГЭС-інде электр машина цехының 3 разрядты электр слесарі болып бастадым. Бұл менің өз жолым екенін бірден сезіндім. Алғашқы күннен бастап, электр станцияның жабдықтарын зерттеумен және өз білімімді жетілдіріп, үлкен тәжірибе алдым. Тәжірибе жинағаннан соң, мені электр машина цехының ауысым бастығы лауазымына, кейін Қапшағай ГЭС станцияның ауысым бастығы лауазымына ауыстырды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Электр машина цехының бастығы қызметін атқарамын. Ұйымшыл әріптестеріміз бен басшылықтың қолдауының арқасында Қапшағай ГЭС жабдығын жоғары деңгейдегі сенімділіктің пен апатсыз жұмысқа жеткізуге тырысамыз.

Қазақстанның барлық энергетиктерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға табысты жұмыс, сарқылмас қуат, жаңа перспективалық жобалар мен одан әрі дамуды тілеймін! Жаңа 2021 жыл сізге көп қуаныш пен бақыт әкелсін. Сізге және жақындарыңызға сәттілік, денсаулық және амандық тілейміз!

Комендантский Евгений Васильевич, БЖК пайдалану тобының ауысым бастығы

Мен Алматы қаласында туып өстім. Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірдім. Өндірістік тәжірибеден кейін 2007 жылдың қараша айынан бастап «АлЭС» АҚ БЖК-да мазутты сорғы қондырғысының машинисі болып жұмысымды жалғастырдым.

БЖК аумағында жаңа объектілердің құрылысына белсенді қатысып, ҚРЗ бу қазандықтарын қайта жаңартуға қатыстым,2013 жылдан 2016 жылға дейін В.А. Альбрехттің жетекшілігімен БЖК қайта құру бойынша куратордың көмекшісі болды.

2016 жылдан бастап қазандық цехының ауысым бастығы болып жұмыс істедім, 2020 жылғы қарашада пайдалану тобының ауысым бастығы болып ауыстырылдым.

Қазандық цехының ауысым бастығы Когтев Игорь Владимировичтің тәлімгерлігімен 3 жыл жұмыс істедім, мен қойылған міндеттерді орындаймын, бірақ Игорь Владимировичтің көмегі мен ықыласы мені бүгінгі күнге дейін қолдайды.

Биыл АЭжБУ бакалавриатына оқуға түстім. Алда жаңа перспективалар ашатын және жаңа жетістіктерге үміт беретін көптеген жоспарлар мен мақсаттар тұр.

Біздің өндірісте өте тату және ұйымшыл ұжым, барлығы позитивті, ешқашан қиындық туындаған емес. Біз бірыңғай, жақсы жолға қойылған механизм ретінде жұмыс істейміз. Енді 13 жыл бір күн сияқты өтіп кетті. Ең бастысы-жұмысқа байыпты қарау, схемаларды зерттеу, жабдықты бақылау. Егер сіз жалқау болмасаңыз және жұмысты үлкен ықыласпен және құлшыныспен орындасаңыз, біздің жұмысымызда барлық мәселелер шешіледі!

 

Кулишов Александр Всеволодович, Каскад ГЭС электр машина цехының инженер-зертханашысы

Әрдайым химия, механика және электроникамен айналысқысы келген. 1978 жылы Алматы технологиялық техникумын техник-электрик мамандығы бойынша тәмәмдады. Әскерден кейін Энергосил цехының БӨАжА шебері болып жұмыс істеді. 1992 жылы Каскад ГЭС электротехникалық зертханасының шебері болып қабылданды, осы жылы оқу-курс комбинатында «майды химиялық талдау және регенерациялау маманы» мамандығы бойынша оқудан өтті, 1996 жылы электр машина цехының май шаруашылығы технигі болып ауыстырылды. Каскад ГЭС электротехникалық зертхана шеберінен электр машина цехының инженер-зертханашысы қызметіне көтерілді, ол энергетикада 28 жылдан астам еңбек өтілін құрады.

Жұмыс барысында Каскад ГЭС гидромеханикалық және электротехникалық жабдығының майларын регенерациялау және тазалауға арналған жабдықтың құрылысын егжей-тегжейлі зерделедім, бұл маған жабдықты пайдалану және жөндеу процесінде тез әрі дәл қабылдауға мүмкіндік берді.

Бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған. Сондай-ақ, жұмысшы әулетінен Каскад ГЭС-те жұмыс істеп, еңбек етеміз.

Жеке өз атымнан барлық энергетик әріптестерімді кәсіби мерекелері – Энергетика күнімен құттықтаймын! Біздің салада еңбекте табыс және апатсыз жұмыс тілеймін!

 

Ойшыбаев Қуат, отынды қабылдау және түсіру орталығының темір жол учаскесі бастығы

Энергетикадағы еңбек жолымды 2014 жылы желтоқсан айында ОҚТО 5-разрядты жол монтері болып бастадым. 2015 жылдан бастап жол жұмыстарының шебері болып жұмыс істедім. 2019 жылы мамыр айында ОҚТО-ТЖУ және 1-ЖЭО-ТЖШ теміржол учаскелерін біріктіріп, жаңа бөлімше құрылды, соның басшысы болып тағайындалдым.

Мені осы жұмысты атқару барысында өз орнымды тапқанымды, өз жұмысымың маңыздылығын сезініп, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарай отыра мақтаныш сезімі бой алады.

Біздің кәсіби мерекеміз Энергетика күні мен үшін биылғы жылы ерекше. Баршаңызға үлкен рахмет! Біздің еңбегімізге жоғары баға бергендеріңіз үшін алғысым шексіз.

Құрметті әріптестер, достар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – энергетика күнімен және келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын! Мен сіздермен қазақстандық экономиканың негізгі саласы болып саналатын энергетика жүйесінде еңбек етіп, үлесімізді қосып жүргенімізді мақтанышпен бөлісемін. Шынында да, қазіргі таңда қызметкер өзін әлеуметтік жағынан қорғалғанын сезінетін және ертеңгі күнге сеніммен қарауға жағдай жасайтын компаниялар аз. Біздің ұжымға табысты, тұрақты және апатсыз жұмыс тілеймін!

 

Михеев Сергей Николаевич, «Энергожөндеу» ӨЖК жоғары вольтты жабдықтарын жөндеу цехының 6-разрядты электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі

1975 жылы 26 ақпанда Алматы облысы Есік қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1992 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін «ЕПЭС» есік электр жүйе кәсіпорнына жұмысқа орналасты.

1993 жылы әскер қатарына шақырылды. 1994 жылы «ЕПЭС» орталық-жөндеу цехында трансформаторларды жөндеу жөніндегі электр слесарі болып жұмысын жалғастырды.

1998 жылы «ЕПЭС» АҚ таратылуына байланысты қысқартуға ұшырады. 2002 жылы «Энергожөндеу» ӨЖК цехы жұмысын қайта бастады, маған электр станцияның жоғары вольтты жабдықтарды жөндеу цехында 6-разрядты электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі болып жұмыс істеу ұсынылды.

Мен барлық бос уақытымды отбасыма арнаймын. Қазіргі таңда екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Барлық әріптестерімді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен және келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және компаниямыздың өркендеуін тілеймін!

 

Кривоносов Юлиан Эдуардович, «АлЭС» АҚ Диспетчерлік басқармасы диспетчерлік қызметінің бастығы

Мектепте оқып жүргенінде химия мен физика пәндеріне қызығушылық танытқан, техниканы жақсы меңгерген. Кейін білім алуды таңдаған кезде, ата-ананың пікірін ескеріп, Алматы энергетикалық институтын таңдап, оқуын инженер-жылуэнергетик мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын 1998 жылы 1-ЖЭО-да турбиналық цехтың жабдықтарын жедел пайдалануда бастады. Ұжыммен тез тіл табысып, екінші отбасына айналды.

1-ЖЭО өндірістік қызмет еткен жылдары өзінің мұғалімдері мен тәлімгерлерінің арқасында қажетті білім мен кәсіби дағдыға ие болды: В.А. Овчинников пен М.К.Митрофанов энергетикаға деген адалдық пен жауапкершілікті үйретті, сол үшін оларға үлкен алғыс пен құрмет.

Мен турбина цехында дайындықтың барлық сатыларынан өттім, одан кейін 1-ЖЭО станциясының ауысым бастығы, «АлЭС» АҚ БК аға кезекші диспетчері болып жұмыс істедім.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз білімімді үнемі жетілдіремін, кәсіби даярлық деңгейін арттырамын. Тату, ұйымшыл ұжымда бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі үшін өз жұмысымды бағалаймын.

Құрметті әріптестер, Сіздерді Энергетика күнімен құттықтаймын! Сіздің үйлеріңіз махаббат жылулығы мен қуаныш пен бақытқа толы болсын! Жаңа жылда баршаңызға зор денсаулық, жақсылық пен оптимизм тілеймін!