АлЭС: қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы басымдылығы

Желтоқсан айының басында «АлЭС» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелерінде жұмыскерлердің жыл сайынғы міндетті медициналық тексеріп-қарауын өткізу аяқталды.

Мерзімді медициналық тексеру жүргізетін медициналық комиссияның құрамына қызметкердің жұмысты орындауға кәсіби жарамдылығын айқындайтын кәсіптік профпатологтың міндетті түрде қатысуымен әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер кіреді.

2020 жылы мерзімді медициналық тексеруден 2937 қызметкер өтті, – деді өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай. - Медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша 2020 жылы медициналық ұсыныстар мен ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес 1 қызметкер басқа жұмыс орнына ауыстырылды. Жүргізілген медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша 2020 жылы 53 қызметкер «тәуекел тобына» енгізілді, яғни аурулардың мынадай түрлері бойынша «Д» есебінде тұрғандар: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония. Осы аурулармен ауыратын қызметкерлерге тұрғылықты жері бойынша профилактикалық емдеуден өту туралы ұсынымдар мерзімді түрде жіберілетін болады.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес компанияда күн сайын (ауысым сайын) қауіпті құрылғыларға, жабдықтар мен машиналарға (крандардың, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың барлық түрлері, жедел персонал және т.б.) қызмет көрсетумен байланысты қызметкерлерді ауысым алдындағы медициналық куәландыру және автокөліктің барлық түрлерінің жүргізушілерін рейс алдындағы медициналық куәландыру жүргізіледі.

- Ауысым алдындағы және рейс алдындағы медициналық куәландыру артериялық қысымды, дене температурасын, жүрек соғысын міндетті түрде өлшеуді, алкогольдің бар - жоғына тестілеуден өтуді, қызметкерлердің денсаулық жағдайына шағымдарды анықтауды қамтиды, - деп жалғастырды өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Роман Парфирьев. - Компания бойынша ауысым алдындағы медициналық куәландырудан 690 қызметкер өтеді. Рейс алдындағы медициналық куәландыру-152 адам.

2020 жылғы қарашада «медициналық қарап тексерудің электрондық жүйесі» (бұдан әрі – МТЭЖ) жабдығын жеткізуге шарт жасалды. Бұл жүйе толығымен автоматтандырылған, қызметкерді ауысым алдындағы (рейс алдындағы) медициналық куәландыруды 1,5-2 минут ішінде жүргізуге мүмкіндік береді, ал медицина қызметкері осы медициналық куәландыруды 5-6 минут ішінде жүргізеді.

Жыл сайын қыркүйек-қазан айларында компанияда қызметкерлерді тұмау вирусына қарсы ерікті вакциналау жүргізіледі. Компания вакцинация шығындарын өз мойнына алады. Марат Ақылбайдың айтуынша, 2020 жылы тұмау вирусына қарсы 410 қызметкер өз еркімен вакцинацияланған.

Компания қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі еңбек өнімділігінің жоғары деңгейін, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты өндірістік тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз етуге арналған.