Металды игерген майталмандар

АлЭС-те электр дәнекерлеушілер конкурсы өтті.

 

Бүгінгі таңда бірде-бір өндіріс саласы қызметін дәнекерлеусіз жүзеге асыра алмайды. Дәнекерлеушілердің шеберлігі көбінесе Алматы өңірі электр станцияларының жылу-механикалық жабдықтарының дәнекерлеу жіктерінің сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін анықтайды.                Сондықтан оларға қойылатын талаптар әрқашан жоғары. 21 жыл бойы «АлЭС» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК металдар және дәнекерлеу қызметі жанындағы электр дәнекерлеушілер конкурсы өткізіліп келеді. Жарысқа 320-дан астам адам қатысты.

Дәстүр бойынша конкурс 2020 жылғы 25 және 26 қарашада өндірістік және санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, дәнекерлеу полигонында және «Энергожөндеу» ӨЖК техникалық сыныбында өтті.

Жарысекі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Дәнекерлеу технологиясы, жабдықтар, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша тестілеуден күн сайын өтпейтіндіктен, қатысушылар жарысқа едәуір дайындалғандығын атап өтті.

-Практикалық тапсырма барысында 20 минут ішінде қатысушылар 38х4,5 мм құбырлардың төрт түйіспесін 45 градус бұрышпен дәнекерледі. Біз ультрадыбыстық дефектоскоп көмегімен дәнекерленген буындардың сапасын тексереміз. Дефектоскоп дәнекерлеу жігінің барлық ақауларын анықтайды (кеуектер, тігіс түбірінің өтпеуі), - деп бөлісті «Энергожөндеу» ӨЖК Металдар және дәнекерлеу қызметінің 4-разрядты дефектоскопист Сағи Айтбаев.

-Менің міндетім-уақытты бақылау, дәнекерлеуші қанша уақытта тапсырманы орындайтыны, қауіпсіздік ережелерін сақтауы. Содан кейін біз дефектоскоп аппаратында тексереміз. Доптың өткізгіштігін қарастырамыз, -деді «Энергожөндеу» ӨЖК Металдар және дәнекерлеу қызметінің 5-разрядты дефектоскопист Максим Мирончик.

-Мен конкурсқа алғашқы рет қатысып отырмын. Менің бұл салаға келгеніме 5 жыл. Училищеден кейін 2-ЖЭО-да жұмыс істедім. Өткен жылы әскерден оралып, «АлЭС»-ке қайта келдім, қазір 1-ЖЭО-да жұмыс істеймін. Төртінші разрядты алдым. Мен өз жұмысымды ұнатамын, өйткені дәнекерлеушілер – бұл металды басқаратын адамдар, - деді Әкім Омарханов «Энергожөндеу» ӨЖК турбиналық цехын жөндеу учаскесі 1-ЖЭО энергетикалық жабдықты жөндеу цехының 4-разрядты электр дәнекерлеушісі.

Осыжылдың сәуір айында 2-ЖЭО энергетикалық жабдықтарын жөндеу цехының негізгі қазандық жабдықтарын жөндеу жөніндегі учаскесіне қолмен атқарылатын 4-разрядты электр дәнекерлеуші Ерлан Ноғайбаев та жұмысқа орналасты. Мектептен кейін ол дәнекерлеушілердің жұмысына қызығушылық таныта бастады. «Маған бұл жұмыс ұнайды, әсіресе процестің өзі», - деп жалғастырды Ерлан. «Мен бұл салаға келгеніме 3 жыл».

3-ЭЖЖЦ қазандық жабдығын жөндеу учаскесінің 5 разрядты қолмен атқарылатын электр дәнекерлеушісі Телемесов Қанат, бұл саланың нағыз шебері. Ол 3-ЖЭО учаскесінде күрделілігі жоғары электр дәнекерлеу жұмыстарын орындайды:

- Дәнекерлеушілердің басты міндеті, ол қосылған түйіспені әдемі ету, тігістің тамырына дәнекерлеу және міндетті түрде ультрадыбыстық дефектоскопиядан өту. Мен әртүрлі күрделіліктегі және қазандық қадағалау талаптарына жауап беретін жұмыстарды орындаймын. Көп нәрсе дәнекерлеушінің біліктілігі мен электродтардың сапасына байланысты. Біз қазір жақсы ЦУ-5 маркалы электродтарымен жұмыс істейміз. Дәнекерлеуші мамандығы қызықты, өйткені сіз үнемі өз шеберлігіңізді жетілдіре аласыз. Мен 5 разрядты маман, бұл салада 17 жыл қызмет етудемін, бірақ әлі күнге дейін үйреніп, меңгеретінім көп.

3-ЭЖЖЦтурбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі учаскенің 4-разрядты қолмен атқарылатын электр дәнекерлеушісі Ізбасар Мадияр конкурсқа қатысуға дайындалды. Дайындығы жарыс барысында байқалды. Ол ең жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші орын Омарханов Әкімге бұйырды – 1-ЭЖЖЦ турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі учаскенің 4 разрядты қолмен атқарылатын электр дәнекерлеуші, жүлдегерлер үштігін Әшірбаев Алмас тұйықтады, 1-ЭЖЖЦ қазандық жабдықты жөндеу жөніндегі учаскенің 4 разрядты қолмен атқарылатын электр дәнекерлеушісі.

«АлЭС» АҚ жыл сайын жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, жинақталған тәжірибемен бөлісу, еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін игеру мақсатында түрлі мамандықтар бойынша кәсіби шеберлік конкурстарын өткізеді.